Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның мамандары биологиялық тазарту технологиясымен танысу мақсатында Мәскеу, Минск және Витебск қалаларындағы тазарту құрылғыларында болды.

2010-09-09

Сарапшылардың біліктілігін көтеру бағдарламасына сәйкес 2010 жылғы тамыздың соңына қарай «Мемсараптама» РМК-ның мамандары биологиялық тазарту технологиясымен танысу мақсатында Мәскеу, Минск және Витебск қалаларындағы тазарту құрылғыларына саяхат жасап қайтты.

Мәскеу қаласында Люберецк кәріздік тазарту құрылғыларын таныстыру сапары болды, онда жаңа биологиялық тазарту құрылғылары көрсетілді. Барлық Мәскеу бойынша сарқынды су: Курьянов, Люберецк, Зеленоград және Оңтүстік Бутов төрт кәріздік тазарту құрылғыларына түседі екен. Люберецк Мәскеу қаласының ең ірі КТҚ-ның бірі. Люберецк КТҚ-ның өнімділігі шамамен тәулігіне 3,0 млн.текше метр, қазіргі кезде тазартуға тәулігіне 2,0 млн.текше метрді құрайды екен.

Сондай-ақ мамандар Минск қаласында (Белоруссия) да болды, онда «Белэкполь» жобалау ұйымында болып, биоблок технологиялары бойынша жетілдірілген жобалармен сондай-ақ кәріздік тазарту құрылғыларына арнап шығарылатын өнімдермен танысты. «Белэкполь» 10 жылдан аса сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жобалау, салу және эксплуатациялауға байланысты жұмыстармен маманданған, сонымен бірге оларға арналған қазіргі жабдықтарды жасайды.

Витебск қаласында сарапшылар «Витебскводоканал» унитарлық кәсіпорнында болып, қалалық кәріздік тазарту құрылғыларының жұмысымен танысты. Витебскнің кәріздік тазарту құрылғылары «Биоблок» технологиясы бойынша жобаланған және «Биоблок» жобасы бойынша салынған. Тазарту құрылғыларының диаметрі 48 метр және тереңдігі 6,3 метр болатын 4 биоблоктан тұрады. Әрбір биоблок тәулігіне 15,0 мың текше метрге есептелген. Ағынды сулар биоблокқа түспес бұрын алғашқы тұндырғыда алдын-ала тазартылады екен.