Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық бойынша құрылыстағы баға белгілеу Үкіметаралық Кеңесі комиссиясының IV-ші отырысы туралы.

2010-09-13

2010 жылы 9-10 қыркүйекте Астана қаласында ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық бойынша құрылыста баға белгілеу Үкіметаралық Кеңесі комиссиясының IV-ші отырысы болып өтті.

Отырысқа Әзірбайжан, Белорусь, Қазақстан, Молдова Республикаалары, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Украина, сондай-ақ Үкіметаралық Кеңес Хатшылығының жетекшісі А.Мясников қатысты.

Отырысқа қатысушыларды Үкіметаралық Кеңестің мүшесі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы С.Нокин қабылдады.

Жалпы мәселелерді екі күн бойы талқылау нәтижесінде ТМД елдері үшін «ТМД қатысушы-мемлекеттердің құрылысында баға белгілеудің біріккен жүйесінің біртұтас тұжырымдамасының» негізгі ережелерін бірауыздан мақұлдады. Осы жылдың қазан айында Киев (Украина) қаласында өтетін ТМД елдерінің шоғырланған әрекеттеріне арналған көрсетілген Тұжырымдаманы қарау және қабылдау туралы мәселелерді Үкіметаралық Кеңестің кезекті XXX-шы отырысының күн тәртібіне енгізу жөнінде Хатшылыққа өтініш білдіру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ отырыста Ресей Федерациясы дайындаған «Құрылыс өнімінің есептік құнын оңтайландыру үшін біріздендірілген мемлекетаралық нормативтік-әдістемелік құжаттамалар жүйесі» жобасы назарға алынды, мұндағы мақсат құрылыс ресурстарын кодтандыру жүйесін ескере отырып, құрылыстағы ресурс шығындарының (элементтік нормалар) нормативін әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау.

Ресей Федерациясының ұсынысы бойынша келесі құрылыстағы баға белгілеу бойынша Үкіметаралық Кеңестің V-ші комиссия отырысы 2010 жылдың желтоқсанында Мәскеу қаласында өткізілетін болып шешілді.