Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ

2011-09-28
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған республикалық фестиваль
2011 жылы 22 қыркүйекте «Мемсараптама» РМК-да Қазақстан халқының тілдері күніне арналған фестиваль өткізілді..
Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында өткен Фестивальға «Мемсараптама» РМК-ның барлық аумақтық бөлімшелерінен өкілдер қатысты. Қазақстан жерінде тұратын халықтардың рөлдері «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелеріне бөліп берілді.
Әзірбайжанның салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын «Шығысмемсараптама» ЕМК-ның ұжымы көрсетті (Өскемен мен Семей қалалары);
Фестиваль негізінен 3 турдан тұрды
• ∙ 1-турда концерттік нөмірді нақышына келтіріп орындауға сайыс, сонымен бірге қатысушылар әр ұлттың ұлттық киімін киіп биін билеп әнін орындап, тақпақ оқып, қазір Қазақстанда тұрып жатқан бұрынғы әр ұлттың салт-дәстүрін, ұлттық тағамын слайдта көрсетті.
• ∙ 2-ші турда құрылыс терминдерін қазақ тілінде қаншалықты игергендігі мен білетіндігіне сайыс өтті.
• ∙ 3-ші тур қазақтың мақал-мәтелдеріне, атақты қазақтың ақын-жазушыларының даналық сөздерін түсіндіру болды.
Әділқазылар алқасында:
o Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің жауапты хатшысы Дембай Салауат Маханбетұлы; ;
o ∙ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің бас сарапшысы Төреханова Елерке Әдепханқызы;;
o ∙ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің Мемлекеттік тілді дамыту және кадр жұмысы басқармасының бастығы Биғалиева Қамар Оспанқызы;;
o ∙ «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Ережепов Бірлік Бекмырзаұлы;;
o ∙ «Мемсараптама» РМК жалпы бөлімінің бастығы Сексенбиева Бахыт Батырханқызы..
∙ Фестиваль жоғары деңгейде өтті барлық қатысушылар тыңғылықты дайындалған. Барлық белсенді қатысқандарға «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Ережепов Бірлік Бекмырзаұлының атынан алғыс хатпен мараптталды.
Әділқазылар алқасы 1-орынға Мемсараптаманың Алматы қаласындағы Оңтүстік филиалына, 2-ші орынға Мемсараптаманың бас кәсіпорыны, ал 3-орынға «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК лайық деп шешті.
Әділқазылар Гран-приге Өскемен мен Семей қалаларынан келген «Шығысмемсараптама» ЕМК-ның ұжымы лайық деп ұйғарды.
2-ші және 3-ші тур қорытындысы бойынша «Тіл білгірі» номинациясын «Шығысмемсараптама» ЕМК-ы, «Сөз зергері» номинациясы бойынша- «Қызылордамемсараптама» ЕМК, ал «Көрермен көзайымы» номинациясын- «Жамбылмемсараптама» ЕМК иеленді, барлық қатысушыларға естелік дипломдары мен сыйлықтар тапсырылды.
2012 жылы өтетін фестиваль жеңімпаз атанған «Шығысмемсараптама» ЕМК Өскемен қаласында өткізетін болды