Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2011 жылдың І жарты жылдығында кәсіпорын қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштері

2012-01-11

«Көкшетаумемсараптама» ЕМК өзінің қызметінде ҚР Конституциясы мен заңдарын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, бұйрықтарын және құрылыс істері жөніндегі Комитетінің қаулыларын, «Мемсараптама» РМК бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
«Көкшетаумемсараптама» ЕМК 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында жалпы құны 14,271 млрд теңгеге 150 бірлік жобалау-сметалық құжаттамасы зерттелді, соның 6 жобасында (мемлекеттік емес көздерден қаржыландырылған) сметалық құжаттама болған жоқ (тапсырысшылардың шешімі бойынша).
Құжаттаманың жалпы көлемін (150 бірлік) 95,4% мемлекеттік инвестиция және 4,6% мемлекеттік емес күрделі салымдар құрады.
Зерттеу қорытындысы бойынша жалпы құны 13,810 млрд.теңге 148 бірлік жобалау-сметалық құжаттама бекітуге ұсынылды және 2 бірлік бекітуге ұсынылмады.
Бекітуге ұсынылған құжаттама бойынша құрылыстың құны (ағымдағы бағалар деңгейінде) 0,977 млрд.теңгеге төмендеді. Ресурстар шығыны қысқартылды: металл жалдау 0,01057 мың тоннаға, цемент 0,02484мың тоннаға, ағаш материалдары 0,00095 мың м³, еңбек шығыны - 5,58684 мың а/күнге.
Жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау барысында сарапшылар конструкциялардың сенімділігін және объектінің жарылғыш өрт қауіпсіздігі мен жұмыс тұрақтылығын арттыратын шешімдер, жобалау-сметалық құжаттамасын құрастыруды ҚР қолданыстағы ережелеріне сәйкестендіруін қамтамасыз етуін ұсынды, нәтижесінде сметалық құны 0,655 млрд.теңгеге ұлғайды.
Әлеуметтік саланың аса маңызды объектілері бойынша 13 жұмыс жобасы, соның ішінде 5 балабақша, 3 мектеп, 5 тұрғын үй қаралды.
Смета құнының азаюы.
2011 жылдың І жарты жылдығында қаралған ЖСҚ-ның смета құны 0,977 млрд.теңгеге азайды, атап айтқанда:
- «Ақмола облысы «Азат-Қара-Найза» автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» жұмыс жобасы бойынша сметаның құны 243,9 млн. теңгеге (53,7%) азайды, еңбек шығыны 15717 а/күнге үнемделді;
- «Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының солтүстік шығыс жағындағы жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік желілердің құрылысы» жұмыс жобасы бойынша сметаның құны 341,8 млн. теңгеге (51%) азайды, еңбек шығыны 15129 а/күнге үнемделді;
- «Ақмола облысы Шортанды ауданының Андреевка – Октябрьское селоларының су құбыры тораптары мен имараттарын қайта құралымдау» жұмыс жобасы бойынша сметаның құны 73 млн. теңгеге (15%) азайды, еңбек шығыны 1801 а/күнге үнемделді.