Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасының жоспарлау-шарттық жұмыс бөлімі бас маманының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2024-04-03
«Мемсараптама» РМК әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасының жоспарлау-шарттық жұмыс бөлімі бас маманының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
1) Бос лауазымның атауы – әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасының жоспарлау-шарттық жұмыс бөлімінің бас маманы. 2) Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57 45 00. 3) Құжаттарды қабылдаудың аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2024 жылғы «09» сәуірде сағат 18.30-ға дейін karataeva@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс ұсынылуы тиіс. 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: Кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыруға бағытталған Кәсіпорын қызметінің нысанасына сәйкес шарттар жасасу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету. Білімге қойылатын талаптар: Жоғары кәсіптік білім (құрылыс саласындағы заңдық, экономикалық, қаржылық немесе техникалық). Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. қойылатын талаптар: жақсы болар еді. Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Мамандық бойынша не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл. Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» ҚРК; - «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ; - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ; - «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары». Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім. Кәсіпорынның ішкі құжаттарын білу: - Кәсіпорын Жарғысы; - Корпоративтік мәдениет кодексі; - Кәсіпорынның ішкі құжаттары мен актілері, оның ішінде СМЖ бойынша; - Кәсіпорынның бұйрықтары, өкімдері және өзге де директивалық құжаттары; - Кәсіпорынның даму бағдарламалары мен жоспарлары; - құрылымдық бөлімше туралы ереже; - осы лауазымдық нұсқаулық; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім. Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: 1) стресске төзімділік; 2) коммуникабельділік; 3) сыпайылық; 4) іскерлік жазу дағдылары; 5) командада жұмыс істеу; 6) келіссөздер жүргізу 7) міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да Дағдылар мен білімдер. Функционалдық міндеттері: 1) Кәсіпорын қызметінің нысанасына сәйкес бекітілген нысандар бойынша, «Мемсараптама» РМК және оның филиалдары қарайтын объектілер бойынша шарттар жасау, сондай-ақ оларды тапсырыс берушінің қол қоюы үшін жіберу; 2) Кәсіпорын қызметінің нысанасына сәйкес бекітілген нысандар бойынша, «Мемсараптама» РМК және оның филиалдары қарайтын объектілер бойынша шарттарды бұзу туралы қосымша келісімдер мен келісімдер жасасу; 3) Тапсырыс берушілер мен төлеушілердің шарттарға, қосымша келісімдерге және шарттарды бұзу туралы келісімдерге қол қою мерзімдерін бақылау (бар болса); 4) Кәсіпорын қызметінің мәніне сәйкес шарттар жасасу үшін негіз болып табылатын құжаттарды тексеру; 5) Кәсіпорын қызметінің мәніне сәйкес қосымша келісімдер, шарттарды бұзу туралы келісімдер жасасу үшін негіз болып табылатын құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру; 6) Кәсіпорын қызметінің мәніне сәйкес жасалатын шарттарға, қосымша келісімдерге және шарттарды бұзу туралы келісімдерге қол қоюға адамдардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды тексеру; 7) Сараптамалық жұмыстар құнының есептеулерін жобалау сатылығының және объектілер атауының бастапқы-рұқсат беру құжаттарына сәйкестігін тексеру; 8) Кәсіпорын қызметінің мәніне сәйкес жасалатын шарттарды, қосымша келісімдерді және шарттарды бұзу туралы келісімдерді жасасу үшін талап етілетін өзге де құжаттар мен ақпаратты (хаттарды, деректемелерді және т. б.) тексеру; 9) Кәсіпорын қызметінің мәніне сәйкес жасалған шарттар бойынша тізілімді бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөліміне беру; 10) Кәсіпорын қызметінің мәніне сәйкес жасалған қосымша келісімдер мен шарттарды бұзу туралы келісімдер бойынша тізілімді, сондай-ақ орындалған сараптамалық жұмыстар актілерін (орындалған сараптамалық жұмыстар құнын есептеу) шарттарды бұзу туралы келісімдерге бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөліміне беру; 11) Кәсіпорын қызметінің мәніне сәйкес шарттар жасасу, шарттарға өзгерістер енгізу және оларды бұзу рәсімі бойынша Кәсіпорынның, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің, тапсырыс берушілердің қызметкерлеріне консультация беру; 12) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау; 13) берілген құқықтарға сәйкес Кәсіпорынның ВКСБАЖ-да жұмыс істеуге, қажетті ақпаратты уақтылы енгізу; 14) еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы жөніндегі талаптарды сақтау; 15) қызметкердің құзыретіне кіретін Кәсіпорынның ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындау. 5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш; 2) қоса беріліп отырған нысан бойынша қызметтік тізім; 3) жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); 4) білім туралы құжаттың көшірмесі; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) түйіндеме. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-дн жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы (еркін нысанда) өтініш береді. Егер ішкі іріктеу қорытындысы бойынша бос лауазымға орналасуға кандидат анықталмаған жағдайда сыртқы конкурстық іріктеу жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Байқау келесі кезеңдерден тұрады: 1) 2024 жылғы «10» сәуір – кандидаттардың өтінімдерін қарау; 2) 2024 жылғы «11» сәуір – кандидаттармен әңгімелесу; 3) 2024 жылғы «12» сәуір – конкурс қорытындысы. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА ВАКАНТНУЮ ДОЛЖНОСТЬ _____________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) _____________________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері/ Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию) 3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения 4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 5. Шет тілдерін білуі/ Владение иностранными языками 6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/ приема босатылған/ увольнения _____________________ ҮМІТКЕРДІҢ қолы/Подпись кандидата _______________ күні/дата