Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ішкі және сыртқы конкурстық іріктеу туралыхабарландыру

2024-04-08
Ішкі және сыртқы конкурстық іріктеу туралыхабарландыру
«Мемсараптама» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Филиалдың әкімшілік-басқару аппаратының бас маманы (кадр) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды – 1 бірлік. Филиал байқауына қатысушыларға қойылатын талаптар: 1. Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар бойынша жоғары кәсіптік білім. 2. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Функционалдық міндеттері: 1) кадрларды іріктеу, саралау және орналастыру жұмыстарына қатысу; 2) директордың бұйрықтарын дайындау, келістіру, шығару; 3) Филиал персоналының есебін жүргізу; 4) еңбек заңнамасына, Филиалдың ережелері мен бұйрықтарына, сондай-ақ басқа да белгіленген кадрлық құжаттамаға сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуды ресімдеу; 5) Филиал қызметкерлерінің жеке істерін жасау және жүргізу, оларға еңбек қызметіне қатысты өзгерістер енгізу; 6) қызметкерлердің жұмыс уақытының кестелерін жүргізу; 7) қызметкерлердің еңбекке жарамсыздық парақтарын есепке алуды жүзеге асыру; 8) Филиалда әскери есепке алуды жүргізу; 9) тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларға және қызметкерлерді көтермелеу мен марапаттауға ұсыну үшін қажетті материалдарды дайындау және белгіленген тәртіппен ұсыну; 10) Филиал бұйрықтарын, қызметкерлердің еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу және сақтау, еңбек өтілдерін есепке алу, Филиал қызметкерлеріне демалыс беруді жүзеге асыру; 11) кадр жұмысы туралы есептерді дайындау; 12) кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу; 13) Филиалдың кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; 14) белгіленген тәртіппен құжаттарды қабылдау, есепке алу, жүйелеу, сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету; 15) бекітілген номенклатураға сәйкес істерді тұжырымдау, олардың сақталуын және белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету; 16) 1С бағдарламасы бойынша жұмыс: берілген құқықтарға сәйкес Филиалдың бухгалтерлік есебін (кадрлық) жүргізу; 17) еңбек шарттарын, еңбек шарттарына қосымша келісімдерді «Enbek.kz» мемлекеттік порталында тіркеу; 18) бекітілген номенклатураға сәйкес істерді тұжырымдау; 19) Филиал директорының тапсырмаларын, бұйрықтарын, нұсқауларын уақытылы орындау; 20) еңбек тәртібін, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау; 21) Кәсіпорын жарғысында, Филиал туралы ережеде және Филиалдың ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қатысуға өтініш білдірген тұлғалар конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: 1) Конкурсқа қатысуға өтінім. 2) Түйіндеме. 3) Өмірбаян, еркін түрде ұсынылған. 4) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері. 5) Еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және бұзу туралы бұйрықтардан үзінді көшірме. Қосымша біліктілікті арттыру туралы құжаттарының көшірмелері, бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсыныстары және т.б. ұсынылуы мүмкін. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды электронды түрде almaty@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайына 2024 жылғы 08 сәуірден бастап 2024 жылғы 12 сәуірді қоса алғанда ұсынады. Сұхбаттасу күні 2024 жылдың 16 сәуірі. Өтетін орны: Алматы қ., 3-шағын аудан, 44 А корпусы.