Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы лекция

2018-12-29
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы лекция
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы лекция
2018 жылғы 29 желтоқсан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іш-шаралар аясында филиал қызметкерлеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында лекция өткізілді. Шараны филиал директоры С.О. Лекеров сөз сөйлеп ашты. Лекция барысында «Астана – адалдық алаңы» жобасының негізінде әзірленген «Сыбайлас жемқорлықтан азат аймақтар» бағдардамасы жайлы айтылды. Бұл бағдарлама 2018 жылы басталып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандырудың, бюджеттің ашықтығының, басшылардың жекелей жауаптылықтарының, мемлекеттік сатып алулардың айқындылығы мен басқа да индикаторлардың есебінен өңірлік мемлекеттік органдарды «қайта жүктеуді» жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл жобаның басты мақсаты – тұрмыстағы сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу. Сонымен бірге шара барысында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарының, профилактика мен жазаның үйлесімімен құрылып, жүзеге асып жатқандығы аталып өтті. Және де мемлекетіміз сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін қылмыстық қудалау институтын босаңсытпай, бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасын таба беретіндігі сөз етілді. Лекция қорытындыланып, филиалдың сәйкес жауапты тұлғаларына тапсырмалар берілді.