Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемлекеттік сатып алу саласындағы, құқықтық және кадрлық мәселелер бойынша семинар

2019-02-18
Мемлекеттік сатып алу саласындағы, құқықтық және кадрлық мәселелер бойынша семинар
2019 жылдың 13 ақпанынан 15 ақпанға дейін "Мемсараптама" РМК қызметкерлерін 2019 жылға кәсіптік оқыту Жоспарына сәйкес, "Мемсараптама" РМК қызметкерлеріне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы, құқықтық және кадрлық мәселелер бойынша семинарлар өтті. "Мемсараптама" РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалынан ӘБП –ның бас мамандары Асаубаева А.А., Айтуаров М.Б. және жетекші маман Мұхтар М.С. қатысты. «Электрондық мемлекеттік сатып алу: өзгертулер мен қосымшаларға толық шолу» тақырыбына арналған семинар барысында ҚРЗ «Банкроттық туралы» негіз болатын принциптері мен ережелері және кәсіпорынның цифрлық активтерін қолданылуы талқыланды және «2019 жылдағы өзгерістерді ескерумен электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру» тақырыбына да арналды. Семинар бағдарламасында мемлекеттік сатып алу туралы заңының өзекті өзгерістерін, саты алуға қатысушыларға әкімшілік жауапкершілікті күшейту, ҚР ӘҚК 207 бабының өзгерістерін, сатып алу тәсілдерінің өзгерістерін, сатып алуды дұрыс жоспарлау үшін қажетті білімді және мекеменің басшысы мен маманның тиімді жұмысын (жоспарға енгізілетін өзгерістер үшін қосымша негіздер, мемлекеттік сатып алуды нормалауды қолдану және т.б.), сонымен қатар «2019 жылға еңбек заңнамасының соңғы өзгерістерін есепке алумен кадрлық іс жүргізу» толық қамтыған. Семинарда келесі тақырыптар қарастырылды: ҚР еңбек заңнамасынның соңғы өзгерістері, еңбек шартының мазмұны, еңбек кітапшасын толтыру, сақтау, тіркеу бойынша өзгерістері, қызметкердің жеке ісі, оның құрамы, мекемедегі әскери міндеттілермен жұмыс т.б. Семинар соңында қатысушыларға курсты сәтті өту туралы деген сертификаттар тапсырылды.