Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері» тақырыбына семинар

2019-03-29
«Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері» тақырыбына семинар
«Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері» тақырыбына семинар
«Мемсараптама» РМК жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында, 2019 жылғы 27 наурыздан 28 наурыз аралығындағы кезеңде Нұр-Сұлтан қаласында «Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері» тақырыбына семинар өткізілді. Семинар модераторы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, дәріс оқушы – Омаров Жасұлан Аманжолұлы – «ҚазҚСҒЗИ» АҚ сейсмикалық төзімділік, ғимараттар мен құрылыстарды қарап-тексеру орталығының директоры, техника ғылымдарының кандидаты. Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: 1. Жер сілкіністерінің табиғаты мен туындау себептері 1.1. Сейсмикалылық және сейсмикалық қауіптілік. Әлемдік кеңістіктегі және Қазақстан Республикасындағы өткен жер сілкіністері мен ықтимал болашақ бұзушы жер сілкіністері. Сейсмикалық белдеулер. Литосфералық плиталар сипаты. Жер сілкіністерін болжау. 1.2. Жер сілкіністерінің қарқындылығы. Жер сілкіністері қарқындылығының межеліктерін өлшеу. Әлемдік қоғамдастық елдеріндегі жер сілкіністерінің қарқындылығы межеліктерінің арақатынасы. Жер сілкіністерінің қауіпті табиғи салдары: жанартау, көшкін, үйінді, цунами, сел, су басу және басқалары. 1.3. Сейсмикалық белсенділік және жер сілкіністерінің магнитудасы. Қазақстанның сейсмикалық аудандарға бөлінуінің картасы. Сейсмикалық аймақтарға бөлу карталарын Еуропалық тәсілдерге сәйкес қолдану. Құрылыс аймақтарының сейсмикалық қауіптілігі. Құрылыс алаңдарының топырақ жағдайы мен сейсмикалық қауіптілігі. 2. Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс. 2.1. Еуропалық Достастық елдеріндегі, сондай-ақ Қазақстанның сейсмикалық қауіпті өңірлеріндегі нормативтік-техникалық және заңнамалық-құқықтық нормалардың қазіргі жағдайы – жаңа нормативтік-техникалық база ҚР ҚҚ ЕN, ҚР ҚҚ ЕN. Сейсмикалық төзімді құрылыста жаңа нормативтік-техникалық базаны қолдану – ҚР ҚҚ 2-03-30-2017 «Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс». Қазақстанның сейсмикалық аудандарындағы ҚР ҚҚ және ҚР ҚНжҚ арақатынасы. Сейсмикалық әсерлерді есептеу. Негізгі есептеу бағдарламалары. 2.2. Ғимараттардың түрлері: тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттар. Ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және конструктивті шешімдері. Ғимараттардағы антисейсмикалық жіктерге қойылатын талаптар. 2.3. Жоғары сейсмикалық қаупі бар (6,7,8,9,10 балл) алаңдарда салынатын ғимараттардың негіздері мен іргетастарына, төсемдері мен жабындарына қойылатын конструктивті талаптар. Қазақстан өңірлерінің сейсмикалық қауіпсіздігі проблемалары. Жер сілкіністерінен болған шығындар. Ғимараттар мен құрылыстардың зақымдануы. Жер сілкіністерінің салдарын талдау. 2.4. Негізгі салмақ түспейтін және қоршау қабырғалары мен аралықтары. 2.5. Негізгі салмақ түсетін қабырғалары монолитті темір-бетоннан жасалған ғимараттар. Каркас ғимараттар мен құрылыстар. Панельдік ғимараттар мен көлемдік-блокты ғимараттар. 2.6. Негізгі салмақ түсетін қабырғалары кірпіштен немесе тастан қаланған ғимараттар. Кірпіш ғимараттардың сейсмикалық төзімділігіне қойылатын конструктивті талаптар. Армениядағы (Спитак, Ленинакан, Кировакан) жер сілкінісінің салдарын талдау. 2.7. Темір-бетонды конструкцияларды жобалау ерекшеліктері. Жер сілкіністерінің, техногенді апаттар мен авариялардың салдары бойынша ғимараттар мен құрылыстарды жедел қарап-тексеру. Сейсмикалық аудандардағы күшейту жобалары мен ұсыныстарын әзірлей отырып, қазіргі салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қарап-тексеру және бағалау. 2.8. Ғимараттар мен құрылыстарды салудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ғимараттар мен құрылыстарды тәжірибелік және теориялық зерттеу. Вибродинамикалық сынақтар. 2.9. Сейсмикалық төзімді құрылыс саласындағы халықаралық ынтымақтастық: жобалар мен бағдарламалар. «Алматы қаласы үшін жер сілкінісі қауіптерін басқару бойынша зерттеулер» жобасы - JICA. ХСМЖ Халықаралық сейсмологиялық мониторинг жүйелері бағдарламасы. Орталық Азия елдеріндегі және Қазақстандағы табиғи апаттармен байланысты төтенше жағдайларға дайындық. 2.10. Өңірдің табиғи апаттарға осалдығы. Жер сілкіністерінен болған зиянды есептеу. Антисейсмикалық іс-шараларға жұмсалатын шығынды және ғимараттар мен құрылыстардың зақымдану деңгейін анықтау. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар. Алматы қаласының жылжымайтын мүлік объектілерін паспорттау. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға тиісті сертификаттар берілді.