Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматыда «Сыбайлас жемқорлық – Ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қылмысқа шолу» тақырыбында семинар болып өтті

2019-03-28

2019 жылғы 28 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары аясында филиал қызметкерлеріне арналған Сыбайлас жемқорлық – Ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қылмысқа шолу» тақырыбында семинар өтті. Семинарды филиал директоры С.О. Лекеров сөз сөйлеп ашты. Ол өз сөзінде Филиалда тұрақты түрде қызметкерлер бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп келетіндігі, осы бағытта түрлі шаралар, оның ішінде лекциялар, әңгімелесулер, семинарлар өткізіліп тұратындығы туралы атап өтті. Семинарда 2018 жылда орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша статистикалық деректер айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы презентация көрсетілді. Сонымен қатар, бұл семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және бюджет қаражатын жымқыру әрекеттерінің жолын кесу аясындағы елде орын алып жатқан жағдайлар туралы жаңалық беттеріндегі материалдар көрсетілді. Сондай-ақ, презентация шеңберінде семинар қатысушыларына «Сыбайлас жемқорлық өміріңді құрдымға жетелейді» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Семинар соңында Филиалдың жауапты тұлғаларына сәйкес тапсырмалар жүктелді.