Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы қаласында «Мемсараптама» РМК филиалдарының қызметкерлеріне арналған «Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері» тақырыбында семинар өтті

2019-04-05

2019 жылғы 4-5 сәуір күндері «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында (бұдан әрі - Филиал) «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Институт) ұйымдастыруымен «Мемсараптама» РМК филиалдарының қызметкерлеріне арналған «Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері» тақырыбында семинар өтіп, оған филиал қызметкерлері және «Мемсараптама» РМК Қызылорда облысы мен Батыс өңір бойынша филиалдарының сарапшылары қатысты. Семинар модераторы болып Институттың сейсмикалық төзімділік, ғимараттар мен имараттарды зерттеу орталығының директоры, техникалық ғылымдар кандидаты Ж.Ж. Омаров шықты. Семинар барысында мынадай мәселелер қаралды: табиғат және жер сілкіністерінің себептері: сейсмикалылық және сейсмикалық қауіп, жер сілкіну қарқыны, сейсмикалық белсенділік пен жер сілкіністері магнитудасы; сейсмикалық аймақтардағы құрылыс: Еуропа ынтымақтастығы елдеріндегі, сондай-ақ Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті аймақтардағы нормативтік-техникалық ереже мен заңнамалық-құқықтық нормалардың қазіргі жағдайы – ЕN ҚР қағидалар жиынтығы, ЕN ҚР қағидалар жиынтығы жаңа нормативтік техникалық база. Жаңа нормативтік техникалық базаны сейсмотөзімді құрылыста қолдану – «Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс» ҚР 2-03-30-2017 қағидалар жиынтығы. ҚР қағидалар жиынтығы мен ҚР ҚНжЕ-нің Қазақстандағы сейсмикалық аудандар бойынша өзара байланысы, негіздер мен іргетастарға қойылатын құрылмалық талаптар, сейсмикалық қауіптілігі жоғары (6,7,8,9,10 балл) ғимараттарды қаптау мен жабу және т.б. Семинар соңында, аттестацияны сәтті тәмамдағаннан кейін қатысушыларға сәйкес аттестациялық куәліктер табысталды.