Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

№46 гимназия» КММ 9-11-сынып оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы

2019-05-14

2019 жылғы 14 мамырда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының қызметкерлері:әкімшілік бөлімнің бастығы А.К. Акинов, сараптамалық қорытындыларды шығару және сараптамалық жұмыстарды автоматтандыру бөлімінің бастығы Г.Б. Садыханова, әкімшілік бөлімнің бас маманы Т.Е. Усенбаева Алматы қаласы Білім басқармасының «№46 гимназия» КММ-інде 9-11-сыныптар, дәлірек айтқанда 9 «а» 11 «а» және 11 «х» сынып оқушылары арасында салалық мамандықтар жайлы көпшілікке әйгілеу және техникалық мамандықтардың мәртебесін асыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. «№46 гимназия» КММ директорының орынбасары Ф.Р. Шонанова сөз сөйлеп, оқушыларға филиал қызметкерлерін таныстыра отыра, мамандық таңдаудың адам өмірінде зор маңызға ие екенігін ескертіп, бұл шараның жауапты шешім қабылаудағы маңыздылығын атап өтті. Шара барысында А.К. Акинов сөз сөйлеп, құрылысшы мамандығы жайлы, «Мемсараптама» РМК қызметі, жалпы құрылыс саласы туралы айтып өтсе, Г.Б. Садыханова техникалық және құрылыс мамандықтарын таңдаудың болашақтағы маңыздылығын түсіндіріп өтті. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы ұжымы Алматы қаласы Білім басқармасының «№46 гимназия» КММ басшылығына шара ұйымдастырудағы көрсеткен жәрдемі үшін және жастар болашағына танытқан зор жанашырлығы үшін алғысын білдіреді.