Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы қаласында жылу, желдету және ауаны баптаудың (ОВиК) инженерлік желілерін жобалаумен және оның құрылысын салумен айналысатын ұйымдардың инженерлеріне, техникалық мамандарына арналған семинар болып өтті.

2019-05-29
2019 жылғы 29 мамырда Алматы қаласында, TIRA VENTO GROUP» компаниясының ұйымдастыруымен жылу, желдету және ауаны баптаудың (ОВиК) инженерлік желілерін жобалаумен және оның құрылысын салумен айналысатын ұйымдардың инженерлеріне, техникалық мамандарына арналған семинар болып өтіп, оған филиалдың өндірістік бөлімінің сарапшылары Д.Б. Аргимбаев, И.В. Шаповалова, А.С. Казыбекова қатысты. Семинар бағдарламасында инженерлік желілерді жобалау жұмыстарында қолданылып жүрген құрылыс саласындағы танымал өндірушілердің жаңа технологиялары мен әзірлемелері туралы, шетелдік әріптестердің тәжірибелері, сонымен қатар құрылыс саласындағы CLINT (Италия), VBW Engineering (Польша), BELIMO (Швейцария) сияқты жетекші еуропалық өндіріс компанияларының өкілдерімен ОВиК мәселелерін талқылаулар қаралды. Қазіргі таңда, техника мен технология қарқынды дамып бара жатқан уақытта біліктілік деңгейін жетілдіріп отыру үшін мұндай семинарлар аса қажет. Жұмыскерлердің біліктіліктері мен тәжірибелерін арттырып отыруға мүмкіндік беретін мұндай семинарлар келешекте дәстүрге айналып, қызмет тиімділігін өрлете түсуге септігін тигізер деген үміттеміз.