Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасында 2019 жылы нормативтік құжаттарға енгізілген өзгертулерді ескере отырып, құрылыс бағаларын белгілеу» тақырыбындағы семинарға қатысу туралы

2019-05-24
«Қазақстан Республикасында 2019 жылы нормативтік құжаттарға енгізілген өзгертулерді ескере отырып, құрылыс бағаларын белгілеу» тақырыбындағы семинарға қатысу туралы
РМК 2019 жылға арналған «Мемсараптама» РМК жұмыскерлерін кәсіптік оқыту бағдарламасына сәйкес 2019 жылғы 24 мамырда «Мемсараптама» РМК мен оның филиалдарының жұмыскерлеріне арналған «Қазақстан Республикасында 2019 жылы нормативтік құжаттарға енгізілген өзгертулерді ескере, құрылыс бағаларын белгілеу» тақырыбында семинар болып өтіп, оған филиалдың өндірістік бөлімі бастығының орынбасары Л.Б. Манапбаева, өндірістік бөлімнің сарапшысы А.А. Наурызбекова қатысты. Семинар модераторы «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ болды. Институт Қазақстан Республикасында құрылыс бағаларын белгілеудің ресурстық тәсілін жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асырады және сметалық бағаларды белгілеудің нормативтік, методикалық құжаттарын әзірлеуші болып табылады. Семинар барысында мына тақырыптар қозғалды: 2019 жылы құрылыстағы материалдық ресурстарға сметалық бағаларды қалыптастыру, злементті-сметалық нормалар жинақтамаларына енгізілген толықтырулар мен өзгертулерді ескере отыра, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық бағасын белгілеу (ҚР 8.04-01-2015 ЭСН), құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметаларын сараптау, СМЕТА РК 2018 бағдарламасындағы сметалық құжаттаманы сараптау және тексеру, АВС-2019 бағдарламалық өнімдерге енгізілген жаңалықтар. Семинар аяғында қатысушыларға курстардан сәтті өткендігі туралы сертификаттар табысталды.