Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Оқыту сеинарына қатысу туралы

2019-06-07
Оқыту сеинарына қатысу туралы
Оқыту сеинарына қатысу туралы
2019 жылғы 6-7 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Бірыңғай портал мен ВКСБАЖ әзірлеуші - «НАТ-Казахстан» АҚ компаниясының алаңында «Мемсараптама» РМК орталық аппараты мен оның филиалдарындағы ақпараттық технологиялар саласының жұмыскерлеріне арналған оқыту семинары болып өтіп, оған сараптамалық қорытындыларды шығару және сараптамалық жұмыстарды автоматтандыру бөлімі бастығының орынбасары А.Ф. Кулаков қатысты. Оқыту барысында әзірлеушілер epsd.kz бірыңғай порталы мен ВКСБАЖ функционалын соңғы жаңалаулардың барлығын көрсетті, сонымен қатар жүйені әкімшілеу бойынша қосымша аспектілер түсіндірілді. Курс шеңберінде сұрақтар және жауаптар сессиясы болып, онда қатысушылар, сондай-ақ Бірыңғай портал мен ВКСБАЖ қолданушылар жүйені жақсарту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Семинар аяғында А.Ф. Кулаковқа оқыту курсын сәтті тәмамдағаны туралы сертификат табысталды.