Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы қаласында «Мемсараптама» РМК ішкі бақылау бөлімі бастығының орынбасары А.Ж. Рахманкулов «Сараптамалық қызметтегі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында семинар (лекция) өткізді

2019-08-14

2019 жылғы 14 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар аясында филиал қызметкерлеріне арналған «Сараптамалық қызметтегі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырында семинан (лекция) өткізілді. Семинарды филиал директоры С.О. Лекеров кіріспе сөзімен ашты. Ол филиалда жұмыскерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді, соған байланысты түрлі форматтағы іс-шаралар, оның ішінде лекция-әңгімелесулер, семинарлар өткізіліп отыратындығын айтты. Семинарға Мемсараптама» РМК ішкі бақылау бөлімі бастығының орынбасары А.Ж. Рахманкулов шақыртылды. Семиарда Мемсараптама» РМК ішкі бақылау бөлімі бастығының орынбасары А.Ж. Рахманкулов сөз сөйлеп: - Бүгінгі семинардың (лекция) негізгі мақсаты – сараптама қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және ол туралы ескерту. Біз өз ұжымымызда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қасиетін қалыптастыруымыз қажет. Және бұл жайлы «Мемсараптама» РМК әрбір қызметкері біліп, естен шығармауы тиіс. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 22-бабына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Олардың қатарында біздің кәсіпорын да бар. Біз мұндай жұмыстарды үнемі жүргізіп отырумыз қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қызметкерлеріміздің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалыптасқан мәдениет болуы керек – деді. Семинар (лекция) соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.