Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Спартакиада - 2019

2019-09-16
Спартакиада - 2019
«Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жыл сайын «Мемсараптама» РМК жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағымен» бірге жұмыскерлері арасында спорттық спартакиада өткізіп тұрады. Спартакиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №168 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында дене шынықтыру мен сауықтыру және бұқаралық спорттық жұмысты арттыру, жұмыскерлердің күнделікті өмірінде дене тәрбиесі мен спортты кеңінен енгізу, салауатты өмір салтына баурып, ұжымдағы корпоративтік мәдениетті нығайту. Спартакиада-2019 спорттық сайыс 2019 жылғы 5 қыркүйектен 7 қыркүйекке дейін Шымкент қаласының маңындағы «ALMA-TAU» тау шипажайында өтті. Спорттық сайыс 8 спорт түрі: волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, арқан тартыс, жүзу, 100 метрге жүгіру және баскетбол себетіне доп лақтыру бойынша ұйымдастырылып, өткізілді. Сайыстың ашылу салтанатында «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары К.Ж. Кажкенов, «Мемсараптама» РМК ішкі бақылау бөлімінің бастығы Ж.К. Оспанов спартакиада қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйлеп, Спартакиада-2019 спорттық жарысты бастады. Футбол мен шахмат айналмалы жүйеде, ал басқа сайыс ойындары олимпиадалық, яғни жеңілген команда шығып қалатын жүйеде өткізілді. Спартакиада қатысушыларының бәрі дерлік тек жеңіске жетуді көздеді. Сайыс қызу жүріп, жеңіс жолындағы күрес ымырасыз өтті. Ал сайыскерлерге жанкүйерлер мен өзге де қатысушылар пәрменді қолдау көрсетіп, қыздыра түсті. «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиал жалпыкомандалық 4 орынға ие болды . Және де команда келесі жарыс түрлерінде жетістіктерге жетті: - жүзу бойынша (эстафета) II орын мен күміс медальдарға жүлделі болғандар Кудерин К.К. мен Радченко Л.В.; - баскетбол себетіне доп лақтыру бойынша III орын; - арқан тартыс бойынша III орынға ие болды. Сайыстар аяқталуында спартакиаданың салтанатты бөлімі мен жабылуы өткен. Жүлделі орындарға ие болған командалар грамоталар медальдар мен кубоктармен марапатталған болатын. Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшылығы мен «Мемсараптама» РМК жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігіне және «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалына спорттық шараны жоғары дәрежеде ұйымдастырудағы зор еңбектері үшін ерекше ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтқымыз келеді.