Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сыбайлас жемқорлық - қоғамның жаһандық мәселесі» дәрісі

2019-09-27
«Сыбайлас жемқорлық - қоғамның жаһандық мәселесі» дәрісі
«Сыбайлас жемқорлық - қоғамның жаһандық мәселесі» дәрісі «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының өндірістік бөлімінің қызметкерлеріне, 2019 жылдың ІІІ тоқсанына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралары Жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 27 қыркүйегінде бәсекелестікке қабілетті, әділ қоғам қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алуға жөнінде «Сыбайлас жемқорлық - қоғамның жаһандық мәселесі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріскердің айтуынша: Әлемнің барлық мемлекеттерінде «Сыбайлас жемқорлық» сияқты зұлымдықтар кездеседі. Сонымен қатар, қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық біртіндеп ішкі проблемадан жаһандық проблемаға айналуда. Қазір барлық елдер, оның ішінде ең алдыңғы қатарлы елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдерін қайта қарастыруда және сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту туралы жаңа заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді қабылдауда. Қатысушылардың сұрағына жауап бере отыра, лектор тағы бір мәрте, осы мекеменің қызметкерлері, барлық Қазақстан Республикасының азаматтары, өмірдің басты құндылықтарын ұстануы қажет, олар адалдық пен әділдік екенін еске салды. Сондай-ақ бұндай кездесулер ендігі уақытта жүйелі түрде өткізіліп отыратын болды. «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының Атырау қаласындағы өндірістік бөлімі өткізілген дәріс бойынша Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша Департаментіне алғысын білдіреді.