Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«№79 гимназия» КММ 11-сынып оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы баспасөз релизі

2019-10-22
 «№79 гимназия» КММ 11-сынып оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы баспасөз релизі
 «№79 гимназия» КММ 11-сынып оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы баспасөз релизі
2019 жылғы 22 қазанда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының қызметкерлері: сараптама қорытындыларын шығару және сараптама жұмысын автоматтандыру секторының жетекшісі Г.Б. Садыханова және бас маман Т.Е. Үсенбаева Алматы қаласы Білім басқармасының «№79 гимназия» КММ-де 11-сыныптар, дәлірек айтқанда 11 «а» және 11 «б» сынып оқушылары арасында салалық мамандықтар жайлы көпшілікке әйгілеу және техникалық мамандықтардың мәртебесін асыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. «№79 гимназия» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Н. Абдыкалымова сөз сөйлеп, оқушыларға филиал қызметкерлерін таныстыра отыра, бұл шараның маңыздылығын атап өтті. Шара барысында Г.Б. Садыханова сөз сөйлеп, құрылысшы мамандығы жайлы, «Мемсараптама» РМК қызметі, жалпы құрылыс саласы туралы айтып өтті. Ол сонымен қатар өз сөзінде құрылысшы мамандығын таңдау атам заманнан бері мамандық иесіне зор жауапкершілік жүктейтіндін, содай-ақ аталған мамандықтың игі істердің бастамасы екендігін түсіндірді. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы ұжымы Алматы қаласы Білім басқармасының «№79 гимназия» КММ басшылығына шара ұйымдастырудағы жәрдемі үшін ризашылығын білдіріп, филиал ұжымының ел жастарының келешегіне аса жауаптылықпен қарайтындығын жеткізеді.