Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Астана қаласында «Жемісті келіссөздер дағдылары», «Салық және бухгалтерлік заңнамадағы 2019 жылғы негізгі өзгерістер» тақырыптары бойынша семинарлар болып өтті.

2019-02-05
Астана қаласында «Жемісті келіссөздер дағдылары», «Салық және бухгалтерлік заңнамадағы 2019 жылғы негізгі өзгерістер» тақырыптары бойынша семинарлар болып өтті.
«Мемсараптама» РМК қызметкерлерін 2019 жылғы кәсіптік оқыту жоспарын орындау мақсатында Астана қаласында 2019 жылдың 5 ақпанында «Жемісті келіссөздер дағдылары» тақырыбында семинар өткізіліп, оған «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының директоры С.О. Лекеров қатысты. Семинар барысында мына мәселелер талқыланды: келіссөз жүргізушінің тиімділігін бағалау параметрлері, сындарлы келіссөздер («Гарвард тәсілі»), қысым және айла-амал, келіссөздердегі логика және т.б. Сонымен қатар 2019 жылғы 6 ақпанда «Салық және бухгалтерлік заңнамадағы 2019 жылғы негізгі өзгерістер» тақырында семинар өткізіліп, оған филиалдың бас бухгалтері Г.Н. Есжанова қатысты. Семинар барысында мына мәселелер талқыланды: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасауды регламенттейтін заңнамалық актілеріндегі өзгерістерге шолу жасау, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 877 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есепке алу шоттарының жаңа үлгілік жоспары (2019 жылдан бастап қолданылған), ҚЕХС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары», МСФО (IFRS) 15 «сатып алушылармен жасалатын шарттар бойынша түсім», ҚЕХС (IFRS) 16 «Аренда», ҚЕХС және т.б. сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасауда жиі кездесетін қателіктер. Семинар аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар табысталды. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін «Мемсараптама» РМК басшылығына алғысымызды білдіреміз!