Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Шампиева Салима Утегеновна дүние салды.

2019-10-18
Шампиева Салима Утегеновна дүние салды.
2019 жылы 8 қазанда Шампиева Салима Утегеновна 64 жасында өмірден озды. Шампиева Салима Утегеновна кезінде «Мемсараптама» РМК жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы қызметін атқарған еді. С.У. Шампиева кәсіпорынның кәсіподақ қозғалысының дамуына зор үлес қоса білді. Еңбек етіп жүрген жылдары, оның тікелей араласуымен кәсіпорынның әлеуметтік өмірінде едәуір өзгерістер орын алды. Ол аумақтық кәсіподақ ұйымдарының төрағаларын, құрылымдық бөлімшелердің басшыларын біріктіріп, күш-жігерін өндірістік жоспарларды орындау мен әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларды шешуге бағыттап, жұмылдыра білді. С.У. Шампиева көптеген спорттық және мәдени шаралардың идеялық шабыттадырушысы болып, жұмыскерлерге қатысты, оның ішінде біздің филиал жұмыскерлеріне қатысты мәселелерге әрдайым бей-жай қарамай жан-жақты көмегі мен қолдауын көрсетіп жүрді. Салима Утегеновна еңбекқор, өз ісінің нағыз қас шебері еді, сондықтан да ол айналасы мен әріптестерінің зор құрметіне бөлене білді. Ол өмірге құштар, ақпейіл, адамдық қасиеті мол жан ретінде біздің жадымызда мәңгілік сақталады. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы Шампиев Рустам Зииновичке анасының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты және оның туған-туыс, жақындарына қайғырып көңіл айтады.