Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«№34 гимназия» КММ 10-сынып оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы баспасөз релизі

2019-12-03
  «№34 гимназия» КММ 10-сынып оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы баспасөз релизі
  «№34 гимназия» КММ 10-сынып оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы баспасөз релизі
2019 жылғы 3 желтоқсанда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының қызметкерлері: сараптама қорытындыларын шығару және сараптама жұмысын автоматтандыру секторының бас мамандары Т.А. Самарханов, Ә.А. Орынбасов Алматы қаласы Білім басқармасының «№34 гимназия» КММ-де 10-сыныптар арасында салалық мамандықтар жайлы көпшілікке әйгілеу және техникалық мамандықтардың мәртебесін асыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. «№34 гимназия» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Г. Усенко сөз сөйлеп, оқушыларға филиал қызметкерлерін таныстыра отыра, бұл шараның маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде адамның мамандық таңдауы – болашағының негізін қалау екендігін түсіндіріп кетті. Шара барысында филиал қызметкерлері сөз сөйлеп, құрылысшы мамандығы жайлы, «Мемсараптама» РМК қызметі туралы айтып өтті. Олар құрылыстың адамзат тарихындағы рөлі мен маңыздылығын атап, оның өмірдегі қажеттілігін және де игі істердің бастамасы екендігін тілге тиек етті. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы ұжымы Алматы қаласы Білім басқармасының «№34 гимназия» КММ басшылығына шара ұйымдастырудағы жәрдемі үшін ризашылығын білдіріп, филиал ұжымының ел жастарының келешегіне аса жауаптылықпен қарайтындығын жеткізеді.