Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының қызметкерлерін кәсіпорынның 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жоспарының жобасымен таныстыру жөнінде семинар өтті.

2020-02-17

2020 жылғы 14 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар аясында филиал қызметкерлеріне арналған филиал қызметкерлерін кәсіпорынның 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жоспарының жобасымен (бұдан әрі – жоспар жобасы) таныстыру жөнінде семинар болып өтті. Семинарды филиал директоры С.О.Лекеров кіріспе сөзімен ашты. Ол өз сөзінде «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында қызметкерлер бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп келеді, осы бағытта түрлі шаралар, оның ішінде лекциялар, әңгімелесулер, семинарлар өткізіліп тұратындығы жайлы айтып өтті. Одан кейін филиалдың бас маманы Ж.Н. Маханбеткулов қызметкерлерді 2020 жылға арналған жоспармен танстырып, бейнеролик көрсете отырып, лекция жүргізді. Филиал қызметкерлері жоспар жобасымен танысу барысында белсенді қатысушылық танытып, бұл бағыттағы шараларды өткізуді жақсарту мен сапасын арттыру бойынша ұсыныс-кеңестерін ортаға салды. Жоспар жобасымен танысу және түскен ұсыныстарды талқылау соңында семинар қатысушыларына бейнеролик көрсетілді. Семинар аяқталғаннан кейін жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді: өз лауазымдық міндеттерін адал атқару, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдар талаптарын қатаң сақтау, Мемсараптама саласының мемлекеттік сарапшыларының Ар-ождан кодексін бұзуға жол бермеу, барлық сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар көріністері жайлы дереу филиал басшылығына хабарлау және т.б.