Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиын

2020-12-15
2020 жылғы 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні ұлттық мерекесін атап өтуге орай «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының (бұдан әрі - филиал) қызметкерлеріне арналған видеоконференцбайланыс (Zoom) арқылы салтанатты мерекелік шара өтті. Мерекелік шара Қазақстан Республикасының гимнін орындаумен басталды. Филиал директоры С.О. Лекеров салтанатты шараны аша отырып, құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардан бері түбегейлі өзгеріп, елеулі ілгерілеулер орын алғандығын атап өтті. Сондай-ақ 29 жыл ішінде еліміз тәуелсіз Қазақстанның қарқынды әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына куәгер болып келеміз деді. Сонымен қатар ол еңбегімен еленіп, наградалармен марапатталған қызметкерлерді: Зейнекуль Омарованы «Даңқты құрылысшы» құрмет белгісімен, Мурат Томановты «Еңбек ардагері» медалімен құттықтады. Филиал қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалағаны үшін «Мемсараптама» РМК басшылығына алғыс айтамыз! Шараның екінші жартысында қызметкерлер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған тәуелсіз Қазақстан туралы бейнеролик тамашалады. Филиал ұжымы қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні ұлттық мерекесімен құттықтайды! Қасиетті мереке еліміздің игілігі жолында көздеген мақсаттарға ұмтылған халқымызды қажыр-қайрат пен ырысқа бөлей берсін! Қазақстан халқының бірлігі нығая түсіп, Тәуелсіздік туымыз шарықтай түссін!