Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мектепке жол»

2021-09-01
«Мектепке жол»
Нұр-Сұлтан қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы басталды, оған «Nur Otan» партиясы Есіл аудандық филиалының «Сарапшы» бастауыш партия ұйымы атынан «Мемсараптама» РМК қатысты. «Мемсараптама» РМК жұмыскерлерінің бастамашыл тобы «Nur Otan» партиясының Есіл аудандық филиалының өкілдеріне оқушы үшін кеңсе тауарларының стандартты жиынтығының 13 сертификатын сатып алып, тапсырды. Аталған іс-шараның мақсаты оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды қолдау және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады. «Мемсараптама» РМК халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытқан барлық бей-жай емес адамдарға, оның мектепке жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аударады!