Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің Солтүстік өңірі бойынша филиалында қаралудағы әлеуметтік маңызды жобалар бойынша ақпарат

2022-08-23
«Мемсараптама» РМК-нің Солтүстік өңірі бойынша филиалында қаралудағы әлеуметтік маңызды жобалар бойынша ақпарат
1. «Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 3-линия көшесі мекенжайында тоғыз қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу (2-позиция)» (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз) ЖЖ. Тапсырысшы: «Бурабай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Бас жобалаушы: «Строн-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сараптама жұмысының басталу күні: 29.04.2022 ж Қорытынды шығарудың жоспарланған күні: 05.07.2022 ж. Мақсаты: Щучинск қаласының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету. Жұмыс жобасы қарастырылуда. 2. «СҚО Петропавл қаласында Горький – Алтынсарин – Парфирьев – Таштитов көшелерінің шекараларында 17 қабатты №2 тұрғын үйді салу (абаттандырусыз және сыртқы инженерлік желілерсіз)» ЖЖ. Тапсырысшы: «Петропавл қаласы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Бас жобалаушы: «СК ВАМПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сараптама жұмысының басталу күні: 28.04.2022 ж Қорытынды берудің жоспарланған күні: 04.07.2022 ж. Мақсаты: Петропавл қаласының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету. Жұмыс жобасы қарастырылуда. 3. «Қостанай облысы Тобыл қаласының «Астана» және Мичурин ауылының «Бәйтерек» жаңа ықшам аудандарының газ қазандығы» ЖЖ. Тапсырысшы: Қостанай ауданы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Бас жобалаушы: «Досан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сараптама жұмысының басталу күні: 16.06.2022 ж. Қорытынды берудің жоспарланған күні: 18.08.2022 ж Мақсаты: Салынып жатқан шағын аудандарды жылумен қамтамасыз ету. Жұмыс жобасы қарастырылуда.