Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің персоналды басқару жөніндегі бөлімінің бас маманы бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2022-08-22
«Мемсараптама» РМК-нің персоналды басқару жөніндегі бөлімінің бас маманы бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру
«Мемсараптама» РМК-нің персоналды басқару жөніндегі бөлімінің бас маманы бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру 1) Бос орынның атауы – персоналды басқару жөніндегі бөлімінің бас маманы. 2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Нұр-Сұлтан қаласы, Күлтөбе қысқа көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57-38-09. 3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2022 жылғы «26» тамызда сағат 18.30-ға дейін gaimagambetova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс. 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: - кадрлық іс жүргізуді қамтамасыз ету; - әскери міндеттілерді әскери есепке алуды қамтамасыз ету; - қызметкерлердің өз лауазымдық міндеттерін орындау сапасын жақсарту үшін қажетті оқыту іс-шараларын ұйымдастыру арқылы олардың дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету; - персоналды басқару саласындағы саясатты іске асыру бойынша басқа да функциялар. Білімге қойылатын талаптар: персоналды басқару саласында жоғары (заңгерлік, экономикалық, педагогикалық) білім. Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. болуына қойылатын талаптар: кадрлық іс жүргізу бойынша семинарлардан өткені туралы сертификаттардың болуы. Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар. Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Басшы позицияларында: талап етілмейді. Лауазымдық мендеттерді орындау үшін қажетті білімдер: Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс; - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; - «Құқықтық актілер туралы» ҚРЗ; - «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚРЗ; - «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚРЗ; - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ; - азаматтық заңнама негіздері; - әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама негіздері; - Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері; - «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары»; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: - аналитикалық қызметке қабілеттілігі; - ұжымдағы жанжалды жағдайларды шешу;- адамдарға объективті болу; - келіссөздер жүргізу; - проблемаларды шешудің жаңа, стандартты емес жолдарын ұсыну; - командада жұмыс істеу. Функционалдық міндеттері: 1. Бас бөлімше қызметкерлерімен еңбек қатынастарын ресімдеу бойынша жұмыс: 1.1. қызметкерді жұмысқа ресімдеу: тізбе бойынша құжаттарды қабылдау, ВКСБАЖ еңбек шартын және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты ресімдеу, ВКСБАЖ құжаттарды келісу және қол қою, еңбек кітапшасына жазба жүргізу, тіркеу журналын жүргізу, ВКСБАЖ жұмыскерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен таныстыру, еңбек шарттарын «Enbek.kz» мемлекеттік порталда тіркеу, бұйрықтардан үзінділер беру және басқалар іс-шаралар; 1.2. қызметкердің жеке ісін электрондық және қағаз түрінде ресімдеу; 1.3. қызметкерді басқа лауазымға не басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыруды ресімдеу: қызметкердің ұсынысы, оның жеке өтініші негізінде еңбек шартына қосымша келісімді ресімдеу, ВКСБАЖ ауыстыру туралы бұйрықты ресімдеу, ВКСБАЖ құжаттарды келісу және қол қою, еңбек кітапшасына жазба жүргізу, тіркеу журналын жүргізу, қызметкерді ВКСБАЖ ауыстыру туралы бұйрықпен таныстыру, «Enbek.kz» мемлекеттік порталда еңбек шарттарына қосымша келісімдерді тіркеу, бұйрықтардан үзінділер беру, қызметкерлердің жеке істерін «Персоналды басқару» 1С және қағаз тасымалдағышта толықтыру және басқа да іс-шаралар; 1.4. жұмыскермен еңбек қатынастарының қолданылу мерзімдерін ұзартуды мониторингтеу және ресімдеу: қызметкердің еңбек шартының қолданылу мерзімінің алдағы аяқталуы туралы Кәсіпорын басшылығына қызметтік жазбаны жолдау, қызметкерге қызметтік жазба негізінде еңбек шартына қосымша келісімді ресімдеу, ВКСБАЖ құжаттарды келісу және қол қою, еңбек кітапшасына жазба жүргізу, тіркеу журналын жүргізу, еңбек шарттарына қосымша келісімдерді «Enbek.kz» мемлекеттік порталда тіркеу және басқа да іс-шаралар; 1.5. қызметкермен еңбек қатынастарын тоқтатуды ресімдеу: ВКСБАЖ қызметкердің жеке өтініші негізінде бұйрықты ресімдеу, құжаттарды келісу және қол қою, қызметкерді ВКСБАЖ еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықпен таныстыру, еңбек шарттарын бұзуды/тоқтатуды «Enbek.kz» мемлекеттік порталда тіркеу, бұйрықтардан үзінділер беру, ВКСБАЖ кету парағын ресімдеу, жазбаларды жүргізу және еңбек кітапшасын беру, тіркеу журналын жүргізу, қызметкердің жеке ісін толықтыру және басқа да іс-шаралар; 1.6. Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін жүктеуді ресімдеу, лауазымдарды біріктіру және т. б.: қызметтік жазбаны қабылдау, бұйрық жобасын ресімдеу, келісу және бұрыштама қою, бұйрықтарды тіркеу журналын жүргізу, қызметкерді бұйрықпен таныстыру және басқа да іс-шаралар. 2. Кәсіпорынның орталық аппаратының қолданысқа енгізілген ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесі бойынша жұмыс: 2.1. ұйымдық құрылым мен штаттық кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мониторинг; 2.2. персоналды штаттық орналастыру мониторингі; 2.3. қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару туралы ақпаратты кәсіпорынның орталық аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне жіберу; 2.4. ұйымдастыру құрылымын және штат кестесін жаңа редакцияда бекіту кезінде жұмыс жүргізу (хабарламалар беру, еңбек шарттарына қосымша келісімдер жасасу, басқа да іс-шаралар). 3. Кәсіпорынның орталық аппаратының бос орындары бойынша «Enbek.kz» мемлекеттік порталда жұмыс жасау: 3.1. «Enbek.kz» мемлекеттік порталда Кәсіпорынның орталық аппараты бойынша бос лауазымдар туралы ақпаратты уақтылы орналастыру; 3.2. кандидаттардың түйіндемесімен жұмыс істеу, түйіндемені құрылымдық бөлімшелер басшыларының қарауына жіберу. 4. Филиалдар персоналы бойынша жұмыс: 4.1. филиалдардың басшыларымен еңбек қатынастарын ресімдеу: құжаттарды қабылдау, еңбек шартын, филиал басшыларын тағайындау және өкілеттіктерін тоқтату туралы бұйрықтарды ресімдеу және басқа да іс-шаралар; 4.2. қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен, Кәсіпорынның, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың грамоталарымен марапаттау бойынша жұмыс: құжаттарды жинау, мемлекеттік органдардың, ҚР Президенті әкімшілігінің өкілдерімен жұмыс; 4.3. есептілік нысандарын әзірлеу және тапсыру, кезеңділікті айқындау және басқалар; 4.4. филиал қызметкерлеріне қатысты басқа да іс-шараларға қатысу. 5. тиісті жылға арналған Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру және түзету бойынша жұмыстарды жасау және қатысу, қаражатты игеруге мониторинг жасау; 6. персоналды басқару процестерін автоматтандыру: 6.1. автоматтандыру бағдарламасын сатып алу рәсіміне қатысу (техникалық ерекшелікті жасау, орындау мониторингі және т. б.); 6.2. кадрлардың қозғалысы бойынша (қызметкерлердің саны бойынша (құрылымдық бөлімшелер, лауазымдар бөлінісінде қабылданды, жұмыстан шығарылды, ауыстырылды), сапалық құрамы бойынша (білімі, туған күні, т.б.) есептілік. 7. Нормативтік құқықтық актілерде көзделген кезеңдер мен мерзімдердегі есептілік. 8. Қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен, Кәсіпорынның, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың грамоталарымен марапаттау бойынша жұмысқа қатысу: құжаттарды жинау, мемлекеттік органдардың, ҚР Президенті әкімшілігінің өкілдерімен жұмыс. 9. Кіріс хат-хабармен жұмыс (заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жазбаша жауаптар дайындау) және заңды және жеке тұлғалармен хат алмасу (өкілеттіктері шегінде). 10. Кәсіпорынның орталық аппаратының қызметкерлеріне және филиалдардың басшылығына тәртіптік жаза қолдану жөніндегі ақпаратқа мониторинг жүргізу. 11. 1С «Персоналды басқару» бағдарламасында жұмыс істеу, Кәсіпорынның орталық аппараты қызметкерлерінің жеке деректерін енгізу. 12. Әскери міндеттілерді әскери есепке алу бойынша жұмыс: 12.1. әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар бойынша есептерді уақтылы салыстырып тексеруді және тапсыруды жүзеге асыру; 12.2. аудандар бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармамен хат алмасу. 13. Кәсіпорынның орталық аппараты қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. 14. Басшылықтың хаттамалық тапсырмаларын, тапсырмаларын орындау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу. 15. Оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне консультация беру; 16. Құрылымдық бөлімшелер дайындаған құжаттардың жобаларына және/немесе құзыреті шегінде бас директордың қарауына шығарылатын мәселелерге қорытындылар дайындау. 17. Құрылымдық бөлімшелердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және еңбек қатынастары саласындағы ішкі құжаттарды сақтауы бойынша жұмысқа қатысу. 18. Кәсіпорынның кадрлық резервін жүргізу; 19. Ішкі құжаттарда көзделген өзге де функциялар (сонымен қатар бөлімнің Жұмыс жоспарымен). 5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: - «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш; - қоса берілген нысан бойынша қызметтік тізім; - жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); - білімі туралы құжаттың көшірмесі; - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (сонымен қатар кадрлық іс жүргізу бойынша семинарлардан өткені туралы сертификаттар); - алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжаттың көшірмесі; - түйіндеме. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-нің жұмыс істеп тұрған жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш (еркін нысанда) береді. Сыртқы конкурстық іріктеу ішкі іріктеу қорытындылары бойынша бос лауазымға орналасуға кандидат айқындалмаған жағдайда жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Байқау келесі кезеңдерден тұрады: 1) 2022 жылғы «27» тамыз – кандидаттардың өтінімдерін қарау; 2) 2022 жылғы «31» тамыз – кандидаттармен әңгімелесу; 3) 2022 жылғы «01» қыркүйек – конкурс қорытындылары. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА ВАКАНТНУЮ ДОЛЖНОСТЬ _____________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) _____________________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері/ Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию) 3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения 4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 5. Шет тілдерін білуі/ Владение иностранными языками 6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/ приема босатылған/ увольнения _____________________ ҮМІТКЕРДІҢ қолы/Подпись кандидата _______________ күні/дата