Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының кубогына волейбол және шағын футбол бойынша финалдық ойындарға қатысу

2022-11-25
ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының кубогына волейбол және шағын футбол бойынша финалдық ойындарға қатысу
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы No168 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында «Мемсараптама» РМК-нің құрама командасы Астана қаласында 2022 жылғы 25-26 қарашада өткен Қазақстан Республикасы күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының кубогына арналған турнирдің құрметіне жыл сайынғы автожол саласының қызметкерлері арасында волейбол және шағын футболдан финалдық ойындарға қатысты. Бұған дейін біздің команда Өскемен қаласында волейболдан және шағын футболдан аймақтық ойындарға қатысып, оның аясында волейболдан бірінші және шағын футболдан үшінші орын алғанын айта кетуі керек. Финалдық жарыстарға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, құрылымдық бөлімшелері, Орталық аппарат, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның облыстық филиалдары, Орталық аппарат, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК облыстық филиалдары, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Ақылы жолдар дирекциясы, «Қазақавтожол» филиалы, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, сондай-ақ «Мемсараптама» РМК қатысты. Финалдық ойындардың қорытындысы бойынша біздің команда волейболдан үшінші орынды иеленді, сондай-ақ шағын футболдан топтық кезеңде үшінші орынды иеленіп, жүлделі орын үшін күресті жалғастыра алмады. Біздің спортшыларды құттықтаймыз!