Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Ашық есік күні» (бос қызмет орындары жәрмеңкесі)

2023-03-30

2023 жылғы 21 сәуір Өткізу уақыты: 10:00-17:00

Сұрақтар бойынша +7(7172)57-45-00 телефоны арқылы хабарласуға болады Мекенжайы: Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат

«Ашық есік күні» (бос қызмет орындары жәрмеңкесі)
іс-шарасына қатысуға шақырамыз.
Іс-шараны өткізудің мақсаты – сарапшылар лауазымына үміткерлерді тұрақты жұмысқа іріктеу және жұмысқа орналастыру, сондай-ақ кадр резервін қалыптастыру.

Жәрмеңкеде Сізге:
- жұмыс берушілермен кездесу;
- ашық бос лауазымдарға (сарапшылар) тұрақты жұмысқа
орналасудың ықтимал нұсқаларымен танысу ұсынылады.

Біліктілік талаптары:
- сәулет-құрылыс және техникалық мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік білім;
- жобалау ұйымдарында мамандығы бойынша кемінде 5 жыл және/немесе жобаларды (ТЭН және ЖСҚ) сараптау саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
- сарапшы аттестатының болуы.

Барлық тілек білдірушілерді күтеміз:
«Мемсараптама» РМК мекенжайы: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат. Тел.+7 (7172) 57-45-00.
Бос қызмет орындары: Сметалық бөлімнің сарапшысы (1), инженерлік желілер мен жүйелер секторының сарапшысы (3), бас жоспар және сәулет секторының сарапшысы (2), конструкторлық сектордың сарапшысы (1), әдістеме басқармасының жобалар сараптамасын әдістемелік сүйемелдеу және сапа бөлімінің бас сарапшысы (1).

«Мемсараптама» РМК Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиалы мекенжайы: Қарағанды қаласы, Лобода көшесі, 46, 3-т.е.ү. Тел. +7 (7212) 50-74-92.
Бос қызмет орындары: Сарапшы (сәулет және бас жоспар тарауы) (1), сарапшы (ТХ тарауы) (1), сарапшы (сметалық құжаттама тарауы) (1).

«Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі бойынша филиалы мекенжайы: Өскемен қаласы, Буров көшесі, 12/1. Тел. + 7 (7232) 70-50-85, 70-16-39.
Бос қызмет орындары: Сарапшы (инженерлік желілер және жүйелер тарауы - электрик) (1), сарапшы (өрт қауіпсіздігі тарауы) (1).

«Мемсараптама» РМК Батыс өңір бойынша филиалы мекенжайы: Ақтау қаласы, 31 «Б» ш/а, 27-ғимарат. Тел. +7 (7292) 305-125, 305-130, 301-217.
Бос қызмет орындары: Сарапшы (ЖЖ, ЖЖ тарауы) (1), сарапшы (сметалық құжаттама тарауы) (1), сарапшы (мұнай өнеркәсібі бойынша техникалық бөлім тарауы) (1), инженерлік желілер мен жүйелер бойынша сарапшы (автоматика және бақылау) (1).

«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалы мекенжайы: Көкшетау қаласы,
Р. Қошқарбаев көшесі, 61 «А». Тел. + 7 (7162) 723-813, 723-814.
Бос қызмет орындары: Сарапшы (ІК тарауы) (1), сарапшы (ТХ тарауы) (1), сарапшы (конструктивтік тарау) (1).

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалы мекенжайы: Шымкент қаласы, «Нұрсәт» ш/а,
222-ғимарат. Тел. +7 (7252) 775-101, 775-102, 775-103.
Бос қызмет орындары: Сарапшы (1).

«Мемсараптама» РМК Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалы мекенжайы: Ақтөбе қаласы, 11-шағын аудан, 106 «Б» ғимараты. Тел. +7 (7132) 419-850, 419-858.
Бос қызмет орындары: Сарапшы (инженерлік желілер мен жүйелер тарауы - электрик) (1), сарапшы (сметалық құжаттама тарауы) (1), сарапшы (СҚ және СШ тарауы) (1).

«Мемсараптама» РМК Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиалы мекенжайы: Талдықорған қаласы, Қаратал ш/а, 60 «В» ғимараты. Тел.+7 (7282) 410-314, 410-319, 410-323.
Бос қызмет орындары: Сарапшы (конструктивтік тарау) (1), сарапшы (сәулет және бас жоспар тарауы) (1), сарапшы (өрт қауіпсіздігі тарауы) (1), сарапшы (сметалық құжаттама тарауы) (1).