Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Солтүстік өңір бойынша филиалында"мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іс жүзінде іске асыру" тақырыбында кеңес өтті

2023-04-14
2023 жылғы 12 сәуірде "Мемсараптама" РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманының қатысуымен онлайн-режимде өткізілген "Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іс жүзінде іске асыру" тақырыбында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша тұрақты кеңес өтті. "Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы" және "мемлекеттік, квазимемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою"тақырыптары қаралды. Кеңес соңында қорытындылар шығарылып, құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында филиалда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу және мемлекеттік сарапшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру бойынша тұрақты негізде мақсатты жұмыс жүргізілетіні атап өтілді. Филиал ұжымы танымдық кеңес өткізгені үшін алғысын білдірді.