Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ТМД мемлекеттері арасында «Сараптама институтын цифрландыру тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтті

2023-04-23

19 сәуір күні «Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VI Халықаралық конференциясының аясында «Сараптама институтын цифрландыру тәжірибесі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Онлайн-пікірталасқа ТМД мемлекеттерінің, оның ішінде Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің сараптамалық органдарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел жұмысын Ресей Бас мемлекеттік сараптама бастығының бірінші орынбасары Вадим Андропов құттықтау сөзімен ашты. «Бүгінгі таңда технология бәрімізді толғандырады, елдеріміздің сараптама жүйелерінде де елеулі өзгерістер орын алуда. Сондықтан, Білім және деректермен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесімен алмасу құрылыс саласындағы трансформация процестерінің барынша тиімді және ең аз тәуекелдермен өтуі өте маңызды», деп атап өтті Вадим Андропов. Іс-шараға «Мемсараптама» РМК басшылығынан 6 адам қатысып, ақпараттық технология басқарма басшысы баяндама оқыды. Онлайн-пікірталас негізгі екі тақырыптан тұрды, «IT бөлімінің жұмысын ұйымдастыру» және «Сараптамадағы цифрлық құралдар». Кейін «сұрақ-жауап» форматында диалог ұйымдастырылып, қызықтырған сауалдарына жауап алды.