Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған семинар өтті

2023-05-02
«Мемсараптама» РМК сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған семинар өтті
«Мемсараптама» РМК қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Лекция барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің критерилері мен әдістері және талдау анықтамаларын жасау, оған қоса анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар талқыланды. Іс-шараға филиал басшылары мен директордың орынбасары Ж. Манкараев, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі қатысты. Қатысушылардың ыңғайлығы үшін Zoom форматы арқылы жиын бейнебайланыс режімінде де ұйымдастырылғанын айта кетейік. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың жаңа пакеттерімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесімен таныстырды. Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін жетілдіруге және оны үйлестіруге қатысты соңғы түзетулер түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді сапалы орындау әдістеріне баса назар аударылды.