Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің Оңтүстік өңірі бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу) бос лауазым орнына орналасуға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2023-05-04
«Мемсараптама» РМК-нің Оңтүстік өңірі бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу) бос лауазым орнына орналасуға конкурс жүргізу туралы хабарландыру
«Мемсараптама» РМК-нің Оңтүстік өңірі бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу) – 1 бірлік бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайтындығын хабарлайды. Конкурсқа қатысушы үміткерлерге қойлатын талаптар: 1. Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім. 2. Мамандық бойынша кемінде 3 жыл және/немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салада 3 жыл еңбек өтілі. Функционалдық міндеттері: 1) Филиал қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; 2) басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, шарттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру; 3) құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне қолданыстағы заңнаманы түсіндіруді қамтамасыз ету және оны қолдану тәртібі; 4) құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз ету; 5) құқықтық мәселелерді қарау кезінде барлық сатыдағы соттарда, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда филиалдың мүдделерін білдіру; 6) мақсаттарды айқындауға, Филиалды жоспарлауды жүзеге асыруға және құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу; 7) шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, филиал мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; 8) филиал қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар дайындау; 9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, адвокаттық сауалдарға және т. б. жауаптар дайындау; 10) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты жүргізу; 11) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасау; 12) дебиторлық қарыздарды жою мақсатында жұмысты жүргізу; 13) филиал қызметкерлерінің әкімшілік ғимаратқа бекітілген лимитке сәйкес орналасуы бойынша жұмыс жүргізу; 14) Филиал қызметкерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытынды беруге; 15) филиалдың өндірістік және өндірістік емес қызметіне байланысты сот талқылауларын есепке алу және үйлестіру 16) кәсіпорын Жарғысында, Филиал туралы ережеде, жобаларға сараптама жүргізу мәселелері бойынша Филиалдың ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындайды; 17) ұсынылған құқықтарға сәйкес Филиалдың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы бірыңғай ақпараттық жүйесінде (ВКСБАҚ) жұмыс істеу; 18) сапа менеджменті жүйесінде талап ететін процестерді жұмыс жағдайында қолдау және жетілдіру; 19) еңбек және орныдаушылық тәртіпті сақтау. Конкурсқа қатысуға үміткерлер конкурсқа қатысу үшін келесі қажетті құжаттарды тапсыру қажет: 1) Конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш; 2) Резюме; 3) Өмірбаян; 4) Білімі туралы құжаттың көшірмесі; 5) Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек шарты және бұйрықтың көшірмесі. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Конкурсқа қатысуға үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде 2023 жылдың 04 мамырынан бастап 2023 жылдың 12 мамырын қоса алғанда ontustik@gosexpertiza.kz электронды поштасына жібереді. Конкурсқа қатысуға үміткерлермен әңгімелесу 2023 жылдың 15 мамырында өткізіледі. Конкурсқа қатысуға үміткерлермен әңгімелесу өткізілетін орын: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданы, 222 ғимарат.