Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

24 мамыр күні EXPO ХКО алаңында AstanaBuild 2023 халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтті

2023-05-25
24 мамыр күні EXPO ХКО  алаңында AstanaBuild 2023 халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтті
24 мамыр күні EXPO ХКО  алаңында AstanaBuild 2023 халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтті
Көрмеге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Мұратұлы да қатысып, құрылыс саласындағы өзіндік жетістіктерге тәнті болды. AstanaBuild 2023 кермесі құрылыс және интерьер дизайны саласынданы жаңа технологияларды, әдістер мен стандарттарды ұсынды. Мұнда құрылыс пен жөндеуге арналған заманауи материалдар мен жабдықтарды, интерьер дизайны мен жобалауға арналған соңғы технологиялар мен құралдарды тамашалап, саланың үздік сарапшыларынан озық, тежірибелер мен әдістерді үйрене алады. «Мұндай көрмелер құрылыста қолданылатын жаңа технологиялар мен материалдармен танысу үшін өткізілуі керек. Сондай-ақ, осындай көрмелерді өткізу бірнеше компаниялардың басын біріктіреді және заманауи материалдарды пайдалануға ынталандырады», - деді Б.Жүнісбеков. Экспозицияны әлемнің түрлі елдерінен, сонын ішінде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Германия жане Қытайдан 70-тен астам қатысушы қатысты. Қатысушылар арасында Омбы, Челябинск облыстарынан және Удмуртия Республикасынан ұжымдық стендтер де болды. Модератор ретінде, «Мемсараптама» РМК BIM-технологиялар басқармасының басшысы Саламат Бауыржанович қатысып, BIM-технология қолданысында бюджетті оңтайландыру жайлы толық ақпарат ұсынды.