Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің заң бөлімінің бас маманы бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2023-06-02
«Мемсараптама» РМК-нің заң бөлімінің бас маманы бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру
1) Бос орынның атауы – заң бөлімінің бас маманы. 2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57-45-00. 3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2023 жылғы «08» маусымда сағат 18.30-ға дейін karataeva@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс. 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: Кәсіпорын қызметін құқықтық қамтамасыз ету. Білімге қойылатын талаптар: жоғары заң білімі. Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. болуына қойылатын талаптар: жақсы болар еді. Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар. Мамандық бойынша кемінде 1 жыл; Басшы позицияларында: талап етілмейді. Лауазымдық мендеттерді орындау үшін қажетті білімдер: Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; - Қазақстан Республикасының Азаматтық-процессуалдық кодексі; - «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ; - Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері; - әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама негіздері; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасын басқа да нормативтік құқықтық актілерін. Кәсіпорынның ішкі құжаттарын білу: - Кәсіпорын Жарғысы; - корпоративтік мәдениет кодексі; - Кәсіпорынның регламенттейтін бұйрықтары, өкімдері және өзге де ішкі құжаттары Кәсіпорын қызметінің түрлері; - Бөлімше туралы ереже; - осы лауазымдық нұсқаулық; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті ішкі құжаттар. Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: - іскерлік хат алмасу дағдылары; - іскерлік қарым-қатынас дағдылары; - командада жұмыс істеу; - келіссөздер жүргізу; - құжаттардың жобаларын әзірлеу және жүргізу (келісімдер, ережелер, регламенттер және т.б.). Функционалдық міндеттер: 1) Кәсіпорын қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар дайындау; 2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау; 3) барлық сатыдағы соттарда кәсіпорынның мүдделерін білдіру; 4) Кәсіпорын бекіткен нысандар бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу қағидаларында көзделген келісімдер жасасу; 5) тұрғын үй комиссиясы хатшысының функцияларын орындау. Тұрғын үй комиссиясы жұмысының құжаттарын қалыптастыру және есепке алу (ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, хаттамаларды қалыптастыру және т. б.); 6) орталық аппараттың тұрғын үй қорынан және Кәсіпорын филиалдарынан тұрғын үй қызметкерлерін жалдау мерзімдерін бақылау; 7) Кәсіпорын мен «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ арасында жасалған ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды құқықтық сүйемелдеу және енгізуді есепке алу; 8) Кәсіпорын архивіне тапсыру үшін бөлімше істерін (құжаттарын) қалыптастыру, бөлімше қызметкерлеріне істердің (құжаттардың) қалыптасуын тексеру және бақылау; 9) Кәсіпорынның бекітілген номенклатурасына сәйкес бөлімшенің істерін (құжаттарын) есепке алу, бөлімшенің істерін (құжаттарын) Кәсіпорын архивіне тапсыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу; 10) Кәсіпорынның ішкі актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орындау; 11) бөлімше бастығының және Кәсіпорын басшылығының Кәсіпорын қызметін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі өзге де тапсырмаларын орындау; 12) бөлімше басшысының тапсырмасы бойынша уақытша болмаған бөлімшенің бас маманының міндеттерін орындау. 5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: - «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш; - қоса берілген нысан бойынша қызметтік тізім; - жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); - білімі туралы құжаттың көшірмесі; - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; - түйіндеме. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-нің жұмыс істеп тұрған жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш (еркін нысанда) береді. Сыртқы конкурстық іріктеу ішкі іріктеу қорытындылары бойынша бос лауазымға орналасуға кандидат айқындалмаған жағдайда жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Байқау келесі кезеңдерден тұрады: 1) 2023 жылғы «09» маусым – кандидаттардың өтінімдерін қарау; 2) 2023 жылғы «12» маусым – кандидаттармен әңгімелесу; 3) 2023 жылғы «13» маусым – конкурс қорытындылары. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА ВАКАНТНУЮ ДОЛЖНОСТЬ _____________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) _____________________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері/ Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию) 3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения 4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 5. Шет тілдерін білуі/ Владение иностранными языками 6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/ приема босатылған/ увольнения _____________________ ҮМІТКЕРДІҢ қолы/Подпись кандидата _______________ күні/дата