Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2023-06-02 күнінлені «Мемсараптама» РМК-нің заң бөлімінің бас маманы бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру ревизиясы

2023-06-02
«Мемсараптама» РМК-нің заң бөлімінің бас маманы бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру
1) Бос орынның атауы – заң бөлімінің бас маманы. 2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57-45-00. 3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2023 жылғы «08» маусымда сағат 18.30-ға дейін karataeva@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс. 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: Кәсіпорын қызметін құқықтық қамтамасыз ету. Білімге қойылатын талаптар: жоғары заң білімі. Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. болуына қойылатын талаптар: жақсы болар еді. Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар. Мамандық бойынша кемінде 1 жыл; Басшы позицияларында: талап етілмейді. Лауазымдық мендеттерді орындау үшін қажетті білімдер: Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; - Қазақстан Республикасының Азаматтық-процессуалдық кодексі; - «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ; - Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері; - әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама негіздері; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасын басқа да нормативтік құқықтық актілерін. Кәсіпорынның ішкі құжаттарын білу: - Кәсіпорын Жарғысы; - корпоративтік мәдениет кодексі; - Кәсіпорынның регламенттейтін бұйрықтары, өкімдері және өзге де ішкі құжаттары Кәсіпорын қызметінің түрлері; - Бөлімше туралы ереже; - осы лауазымдық нұсқаулық; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті ішкі құжаттар. Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: - іскерлік хат алмасу дағдылары; - іскерлік қарым-қатынас дағдылары; - командада жұмыс істеу; - келіссөздер жүргізу; - құжаттардың жобаларын әзірлеу және жүргізу (келісімдер, ережелер, регламенттер және т.б.). Функционалдық міндеттер: 1) Кәсіпорын қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар дайындау; 2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау; 3) барлық сатыдағы соттарда кәсіпорынның мүдделерін білдіру; 4) Кәсіпорын бекіткен нысандар бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу қағидаларында көзделген келісімдер жасасу; 5) тұрғын үй комиссиясы хатшысының функцияларын орындау. Тұрғын үй комиссиясы жұмысының құжаттарын қалыптастыру және есепке алу (ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, хаттамаларды қалыптастыру және т. б.); 6) орталық аппараттың тұрғын үй қорынан және Кәсіпорын филиалдарынан тұрғын үй қызметкерлерін жалдау мерзімдерін бақылау; 7) Кәсіпорын мен «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ арасында жасалған ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды құқықтық сүйемелдеу және енгізуді есепке алу; 8) Кәсіпорын архивіне тапсыру үшін бөлімше істерін (құжаттарын) қалыптастыру, бөлімше қызметкерлеріне істердің (құжаттардың) қалыптасуын тексеру және бақылау; 9) Кәсіпорынның бекітілген номенклатурасына сәйкес бөлімшенің істерін (құжаттарын) есепке алу, бөлімшенің істерін (құжаттарын) Кәсіпорын архивіне тапсыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу; 10) Кәсіпорынның ішкі актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орындау; 11) бөлімше бастығының және Кәсіпорын басшылығының Кәсіпорын қызметін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі өзге де тапсырмаларын орындау; 12) бөлімше басшысының тапсырмасы бойынша уақытша болмаған бөлімшенің бас маманының міндеттерін орындау. 5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: - «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш; - қоса берілген нысан бойынша қызметтік тізім; - жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); - білімі туралы құжаттың көшірмесі; - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; - түйіндеме. БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА ВАКАНТНУЮ ДОЛЖНОСТЬ _____________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) _____________________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері/ Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию) 3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения 4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 5. Шет тілдерін білуі/ Владение иностранными языками 6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/ приема босатылған/ увольнения _____________________ ҮМІТКЕРДІҢ қолы/Подпись кандидата _______________ күні/дата