Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Табыс декларациясын тапсыру кезінде нені ескеру керек?

2023-06-02
Табыс декларациясын тапсыру кезінде нені ескеру керек?
Табыс декларациясын тапсыру кезінде нені ескеру керек?
2023 жылдың 1 маусымында Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері Джунусова Ләззат Ерғалиқызының қатысуымен 2022 жылғы 31 желтоқсандағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру тәртібін және беру әдістерін түсіндіру мақсатында дәріс өткізілді. Кірістері мен мүлкі туралы декларация жеке тұлғалар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс еткен жылдан кейінгі жылдан бастап жыл сайын есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша табыс етіледі. Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері: Электрондық түрде - "салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ esalyq azamat мобильді қосымшасы арқылы. Қағаз түрінде – мемлекеттік кіріс органдарына, ХҚКО-ға келу тәртібімен, сондай-ақ почта арқылы.