Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сараптама - құрылыстағы маңызды кезең»

2023-09-18
«Сараптама - құрылыстағы маңызды кезең»
«Сараптама - құрылыстағы маңызды кезең»
«Сараптама - құрылыстағы маңызды кезең»
«Сараптама - құрылыстағы маңызды кезең»
Рудный индустриалды институтында «Сараптама - құрылыстағы маңызды кезең» тақырыбында дәріс өтті. Құттықтау сөзін «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының Қостанай облысы бойынша департаментінің сарапшысы - Юрий Алексеевич Савочкин білдірді. Дәріс барысында «Мемсараптама» РМК және оның құрылыстағы рөлі туралы бейнеролик көрсетілді. Сәйкесінше, Юрий Алексеевич өзінің жұмысы туралы, өз қызметі аясында кездесетін маңызды сәттер туралы баяндады. Содан кейін, Мемсараптама Бизнес процестеріне қатысты презентация таныстырылды. Бұл презентацияда бір терезе қағидаты, сараптама жүргізу мерзімдері, сарапшылардың ескертулер беруі және оларды тапсырыс берушінің пысықтауы туралы айтылды. Презентация жобалық сметалық құжаттаманың электрондық қорытындысын және соңғы нұсқаларын қалыптастыру тақырыбын қозғады. Кейін студенттермен сұрақ - жауап форматында әңгіме өрбіп, олар өздеріне қажетті ақпаратты ала алды. Тыңдаушылар кәсіпорында тәжірибеден өту мүмкіндігіне, сарапшы ретінде жұмысқа орналасуға қойылатын талаптар, сарапшылар қандай бағдарламаларда жұмыс істейді, Мемсараптамада қандай жобалар қарастыруда және т. б. сұрақтарын қойды. Дәріс соңында Юрий Алексеевич студенттерге құрылыс саласында одан әрі дамуды, мақсатты, табанды, еңбекқор болуды және Отанымызға пайда әкелуді тіледі!