Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Астанада ЕАЭО елдері үкімет басшыларының қатысуымен Халықаралық көрме басталды

2023-09-26
Астанада ЕАЭО елдері үкімет басшыларының қатысуымен Халықаралық көрме басталды
Астанада ЕАЭО елдері үкімет басшыларының қатысуымен Халықаралық көрме басталды
Астанада ЕАЭО елдері үкімет басшыларының қатысуымен Халықаралық көрме басталды
25 қыркүйекте Астанада INNOPROM.QAZAQSTAN халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті. Көрме ұлттық және өңірлік экспозициялардың, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен ірі компаниялардың қатысуымен өтуде. Іс-шара аясында 12 мың шаршы метрден астам Қазақстан, Ресей, Армения экспозициялары және тақырыптық бөлімдер бойынша 300-ден астам компания ұсынылған. Олардың ішінде: медициналық жабдықтар мен бұйымдар, химия өнеркәсібі, металлургия, өнеркәсіптік IT, машина жасау, құрылыс индустриясы және жиһаз өнеркәсібі, энергетикалық машина жасау және жеңіл өнеркәсіп. ЕАЭО елдерінің билік органдары мен бизнес өкілдері халықаралық ынтымақтастық аясында өндірісті дамыту туралы ойларымен бөлісті. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бес ел арасындағы тауар айналымының артқанын атап өтті. Оның айтуынша, технология, атап айтқанда, жасанды интеллект индустрияландыруда маңызды рөл атқарады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандырудың негізі индустрияландыру болуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Сондықтан үкіметтің басында өңдеу өнеркәсібін жедел дамыту, берік өнеркәсіптік негіз қалыптастыру және экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету міндеті тұр.