Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның мамандары Мәскеу қаласында «Құрылыстағы кешенді қауіпсіздік» II-ші Ұлттық конгресіне қатысты

2011-05-24
«Мемсараптама» РМК-ның мамандары Мәскеу қаласында «Құрылыстағы кешенді қауіпсіздік» II-ші Ұлттық конгресіне қатысты

Бекітілген сарапшылардың біліктілігін көтеру бағдарламасына сәйкес 2011 жылдың 17-нен 20 мамыры аралығында «Мемсараптама» РМК-ның мамандары Мәскеу қаласында өткен «Құрылыстағы кешенді қауіпсіздік» II-ші Ұлттық конгресіне қатысу үшін Мәскеу қаласына барып қайтты.
Мамандар Мәскеу қаласына сапар барысында көрме салонында болды, онда өртке қарсы жабдықтар мен қорғаныс жүйесі саласында ресей және шетел өнімдері қойылған, сондай-ақ «Темірбетон конструкцияларын пластикпен фиброарматуралауды күшейтудің кейбір мәселелері», «Жарылыс және өрт туындаған жағдайда ғимараттың қаупін бағалау», «Құрылыстағы нанотехнологиялар тәсілдері мен ғимараттар және құрылыстар қауіпсіздігін көтеру бойынша шешімдер», «Объектілердің конструкциялық қауіпсіздігі мониторингісі жүйесін автоматизациялау», «Ғимараттар, құрылыстар күрделі табиғи техногенді жүйе (ТТЖ)». Қауіпті табиғи және техногенді әсерлерге ТТЖ-ның реакциясы» тақырыптарына баяндамалар тыңдалды.
Сапар барысында көптеген іскер кездесулер болып кәсіби байланыстар орнады.