Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Тараз қаласында жаңа базар іске қосылады

2012-07-25
Тараз қаласында жаңа базар іске қосылады

Облыс орталығындағы Асқаров көшесінің соңында соғылып жатқан оның ашылуына тура бір ай қалды

Облыс орталығындағы Асқаров көшесінің соңында соғылып жатқан оның ашылуына тура бір ай қалды. Осы қарсаңда сауда-саттықпен айналысам деген сатушылар жаңа базарда болып, ондағы жай-күйді көздерімен көрді. Өздерінің болашақта жұмыс орнына айналатын сауда мекені олардың көңілдерінен шықты. Оған себеп бар. Бұған дейін ешқандай жағдайы жасалмаған, санитарлық талаптарға сай келмейтін, әйтеуір нәпақа табу үшін жүрген орталық көк базарда мұндағы жағдайдың бірі жоқ.
Ташкент қаласындағы «Алай» базарының үлгісімен салынып жатқан оның кіре берісінде екі қабатты ғимараттар орын теуіп, оны жалғай кең жолдары бар сауда қатарлары орналасыпты. Бутиктердің алды тақтайдай теп-тегіс әрі төбесі жабылған. Тауарларыңды жайып-жинап, ойқыш-ойқыш жолдармен жүріп, арбаға тиеткізіп әуре болудың қажеті жоқ. «Салыққа, қоқысқа, жалдық ақы» деп тағы басқа күнделікті анаған-мынаған ақша жинап қоқаңдайтын ешкім болмайды. Тек әр айдың белгіленген мерзіміне дейін әр шаршы метр үшін 1550 теңгеден арнайы кассаға төлеп тұрсаң болғаны. Базар қожайындарымен келісімшартқа тұрған кәсіпкерлердің бірі – Ұлсүйген Дәулетова: «Жаңа жұмыс орнымыз көңілімізден шықты. Жазда басымыздан күн өтпейді, қыста қар тимейді. Сауда орындары да кең, бейберекетсіздік болмайтыны анық», — дейді. Кәсіпкерлер бұл жерден екіден, үштен тіпті бес бутикке дейін жалға алу жөнінде келісімшарттарға отырып үлгеріпті. Енді базар қожайындары оларға екіден артық бермейміз дейді. «Бұрын барсаң, орын бар» дегендей, саудаға ыңғайлы орын таңдағандар қазірден мүмкіндікті құр жібер-меуге тырысуда. Әрі алғашқы айда жалға алу ақысы тегін. Бірінші қыркүйекте базар ресми түрде ашылатындықтан, 25 тамыздан бастап қала ішінде 26 автобус бағыты мен 6 ауданнан көліктер осында қатынайды. Осыған байланысты қазір базар орналасқан көше кеңейтілуде. «Сенім корпорациясы» ЖШС-ның директоры, базар иесі Алтынбек Садырбаев: «Бүгінгі таңда «Тараз» базары
5 000 сауда нүктесін ашуға дайын. Күнделікті келісімшартқа тұратын кәсіпкерлер саны да артуда. Осы аумақтағы 19 гектар жерге барлық инфрақұрылым: су, газ, электр қуаты, кәріз жүйесі – тартылды. Әр бутикте тұтынған электр қуаты үшін есептегіштер орнатылады, су құбыры жүргізіледі. Тамыз айының аяғынан көшу жұмыстары басталады. Содан кейін де құрылыс жұмыстары жалғаса береді», — дейді. Заманауи базарда 50 орындық жатақхана, душ, дәмхана, асхана, әжетхана, автотұрақ жұмыс істейтін болады. Мұнда киім-кешек, азық-түлік, халық тұтынатын тауарлардың барлығы саудаға түседі.