Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

На повестке дня: ҚР Президентінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы 26.12.2014 жылғы №986 Жарлығы және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы жөнінде»

2017-08-09
На повестке дня: ҚР Президентінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы 26.12.2014 жылғы №986 Жарлығы және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы жөнінде»
На повестке дня: ҚР Президентінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы 26.12.2014 жылғы №986 Жарлығы және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы жөнінде»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыс бағдарын тұрақты қалыптастыру мақсатында «Мемсараптама» РМК-нің Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен 2017 жылғы 08 тамызда ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басқарма басшысының міндетін атқарушысы Б.Изкеновтың қатысуымен "ҚР Президентінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" 26.12.2014 жылғы №986 Жарлығы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы жөнінде сыбайлас жемқорлық аясындағы мәселелерге қатысты пікірталас алаңы өткізілді. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі өршіл міндетті жүзеге асыру бойынша стратегиялық міндеттерді шешу мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негізделген жаңа жүйелі шаралар қабылдауды және оны іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру мақсатында, 2014 жылдың 26 желтоқсанында ҚР Президентінің №986 жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) қабылданған. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Стратегияда қолданылатын нысаналы индикаторлар: -мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы; -қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімі; -халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі; -елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді жақсарту. Стратегия міндеттері: -мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; -қоғамдық бақылау институтын енгізу; -квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; -соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; -сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру; -сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Стратегияда қамтылған бағыт-бағдарлар яғни, -мемлекеттік қызметшілердің тек қана кірістерін емес, сондай-ақ шығыстарын да декларациялау; - «Қоғамдық кеңес туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдары аясында азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар, мемлекеттік органдар шешімдеріне қоғамдық сараптама өткізу үшін басшылардың жұртшылық алдындағы есептерін тыңдау және азаматтардың алқалы органдардың жұмысына қатысуы үшін құқықтық негіздері; - Квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары ҚР-ң «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 18.11.2015 жылы қабылданған жаңа заңында өз орнын алған. Сонымен қатар, жаңа заңның кейбір нормалары бойынша Гонконг, Сингапур, АҚШ, Корея Республикасының, Ұлыбритания және Италия мемлекеттерінің: Мысалы: -Сингапур елінің- -мемлекеттік органдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін басқару жүйесіндегі «әлсіз тұстарын» айқындау мақсатында зерттеу. -сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы хабарлаған адамдар жайлы құпия ақпараттарды қатаң сақтау; - сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізілген шараларға мониторинг, талдау, сараптама жүргізу; -АҚШ елінің -мемлекеттік қызметкер қызмет бабымен байланысты жеке кәсіпорыннан қаржылай пайда табу; -мемлекет қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуына тиым салу тәжірбелері ескеріле отырып және осы елдердің сарапшыларының қатысуларымен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заңы дайындалған. Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге және ҚР-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. ҚР-ң «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 02.07.1998 жылғы Заңы 4 тарау 20 баптан тұратын болса, жаңа заң 5 тарау және 27 баптан тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды; 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды; 6) қаржылық бақылауды; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді; 8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді; 9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын; 10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді; 11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды; 12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды; 13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды. Жаңа заңда сыбайлас жемқорлық ұғымына, яғни жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу-деген жаңа түсініктеме берілген (1 бап 6 тармақ). Жаңа заң бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, ал тәртіптік жауаптылық жаңа заңнан алынып тасталынып, Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары ҚР-ның «Мемлекеттік қызметі туралы» 23.11.2015 жылғы заңының 50 бабында орын алған (1 бап 11 тармақ). Мемлекеттік органдармен жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейлеріне баға беру үшін, заңға жаңа институттар енгізілген: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Осы жаңа институттарға түсініктеме беретін болсақ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің дереккөздері – құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып табылады. «Қоғамдық кеңес туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдары аясында азаматтарда және ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жасауға құқылы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы мүмкін. Осы ереже арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды (7-бап). Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) ұғымы – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды ҚР-ның Президенті айқындайтын тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі және ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау төмендегі салалардағы қатынастарға: 1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалауға; 2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуге; 3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге; 4) сот төрелігіне; 5) жедел-іздестіру қызметіне; 6) қылмыстық-атқару қызметіне; 7) ҚР-ның мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылауға; 8) Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды (8 бап). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ұғымы- сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, ҚР-ның заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және ҚР-ның заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырады (9 бап). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар ұғымы– қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі (10 бап). Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында – жалпыламай декларация тапсыру аясында, шенеуніктер өз кірістермен қатар, алынған мүліктер туралы да шығыс декларациясын тапсыру міндеттелген. Жеке санаттағы шенеуніктер: 1) саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); 2) «А» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); 3) ҚР-сы Парламентінің депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары); 4) ҚР-ныңсудьялары мен олардың жұбайлары (зайыптары); 5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) міндетті түрде өздерінің декларацияларын есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде жариялау қажет: Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді мемлекеттік органдардың, ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) орналастырады. Заңда көрсетілген ерекшіліктерден басқа, мемлекеттік кіріс органдарына келіп түсетін мәліметтер ҚР-ның заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын құпия болып табылады. Оларды жария ету ҚР-ның заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады (11 бап). Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау қажет, яғни: 1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру, 2)жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу, мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен 3)артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану; 4) ҚР-ның заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау (12 бап). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар негізінен, педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады (13 бап). Заңда мүдделер қақтығысы деген жаңа үғым қаралған– бұл жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық. Жоғарыда аталған адамдар: мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс, тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. Тікелей басшысы не ұйымның басшылығы қызметкерлердің өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша төмендегі шараларды уақтылы қабылдауға міндетті: - лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға; -лауазымдық міндеттерін өзгертуге; - мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті (15 бап) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары, ҚР-сы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады (22 бап). Заңда кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларыда қамтылған. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау, мүдделер қақтығыстарын болғызбау, іскерлік әдеп нормаларын қабылдау және сақтау және т.б. шараларды қабылдай отырып барынша азайтайды. (16 бап). Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы, яғни жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады: 1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы ҚР-ның заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлау; 2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысу және т.б. (23 бап). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелер (19 бап).