Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Редакция На повестке дня: ҚР Президентінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы 26.12.2014 жылғы №986 Жарлығы және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы жөнінде» от 2017-08-10

2017-08-09
Қатысқандар: 1) ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басқарма басшысының міндетін атқарушысы- Б.Изкенов 2) «Мемсараптама» РМК-нің ішкі бақылау және сапа бөлімінің бас маманы- Ж.Даулетбек 3) Филиал қызметкерлері. Күн тәртібінде: ҚР Президентінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы 26.12.2014 жылғы №986 Жарлығы және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы жөнінде». Сөз сөйлегендер: 1.Сейітов Серік- персоналды әкімшілік басқару бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-мемлекет саясатының басты бағыттарының және күнделікті өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі өршіл міндетті жүзеге асыру бойынша стратегиялық міндеттерді шешу мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негізделген жаңа жүйелі шаралар қабылдауды және оны іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру мақсатында, 2014 жылдың 26 желтоқсанында ҚР Президентінің №986 жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы қабылданған. 2. Ж.Даулетбек «Мемсараптама» РМК-нің ішкі бақылау және сапа бөлімінің бас маманы Стратегияда қолданылатын нысаналы индикаторлар: Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. -мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы; -қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімі; -халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі; -елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді жақсарту. Стратегия міндеттері: -мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; -қоғамдық бақылау институтын енгізу; -квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; -соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; -сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру; -сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. 3. Изкенов Бағыдат - ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басқарма басшысының міндетін атқарушысы «Қоғамдық кеңес туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдары аясында азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар, мемлекеттік органдар шешімдеріне қоғамдық сараптама өткізу үшін басшылардың жұртшылық алдындағы есептерін тыңдау және азаматтардың алқалы органдардың жұмысына қатысуы үшін құқықтық негіздері; - Квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары ҚР-ң «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 18.11.2015 жылы қабылданған жаңа заңында өз орнын алған. Сонымен қатар, жаңа заңның кейбір нормалары бойынша Гонконг, Сингапур, АҚШ, Корея Республикасының, Ұлыбритания және Италия мемлекеттерінің: Мысалы: -Сингапур елінің- -мемлекеттік органдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін басқару жүйесіндегі «әлсіз тұстарын» айқындау мақсатында зерттеу. -сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы хабарлаған адамдар жайлы құпия ақпараттарды қатаң сақтау; - сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізілген шараларға мониторинг, талдау, сараптама жүргізу; -АҚШ елінің -мемлекеттік қызметкер қызмет бабымен байланысты жеке кәсіпорыннан қаржылай пайда табу; -мемлекет қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуына тиым салу тәжірбелері ескеріле отырып және осы елдердің сарапшыларының қатысуларымен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заңы дайындалған. Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге және ҚР-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. ҚР-ң «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 02.07.1998 жылғы Заңы 4 тарау 20 баптан тұратын болса, жаңа заң 5 тарау және 27 баптан тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды; 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды; 6) қаржылық бақылауды; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді; 8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді; 9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын; 10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді; 11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды; 12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды; 13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды. Жаңа заңда сыбайлас жемқорлық ұғымына, яғни жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу-деген жаңа түсініктеме берілген (1 бап 6 тармақ). Жаңа заң бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, ал тәртіптік жауаптылық жаңа заңнан алынып тасталынып, Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары ҚР-ның «Мемлекеттік қызметі туралы» 23.11.2015 жылғы заңының 50 бабында орын алған (1 бап 11 тармақ). Мемлекеттік органдармен жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейлеріне баға беру үшін, заңға жаңа институттар енгізілген: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Осы жаңа институттарға түсініктеме беретін болсақ: ҚР Президентінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы 26.12.2014 жылғы №986 Жарлығы және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңына сүйене отырып шешім етті: 1.Жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары ұдайы қаперге алынсын.