Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы қаласында қар еру барысындағы қауіптілікті ескерту жөнінде семинар өтті

2019-08-08
Алматы қаласында қар еру барысындағы қауіптілікті ескерту жөнінде семинар өтті
Алматы қаласында қар еру барысындағы қауіптілікті ескерту жөнінде семинар өтті
Алматы қаласында қар еру барысындағы қауіптілікті ескерту жөнінде семинар өтті
2019 жылғы 8 тамызда «KAZGOR» жобалау академиясында «Қауіптілікті (жарақат және адам қазасы, мүлікке залал келтіру) ескерту үшін қар еріту кабельді жүйелерді қолдану» тақырыбында семинар өтіп, оған филиалдың өндірістік бөлім бастығы М.Б. Курмангалиев қатысты. Аталған шара «RITOX» ЖШС ұйымдастыруымен, «Danfoss» даниялық концерннің, Қазақстан Республикасы жобалаушылар ұлттық қауымдастығының, техникалық комитеттің, сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласындағы құрылыстық нормалау, аттестаттау, стандарттау және сертификаттау орталығының қолануымен өткізілді. Семинарды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Б.Б. Зайтан кіріспе сөзімен ашып, өз сөзінде қардың еруімен байланысты қауіптің алдын алуды талқылаудың және соған бағытталған білімнің маңыздылығын айтып өтті, сонымен қатар аталған мәселені шешу үшін кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың басын қосатын осындай шаралардың маңызды рөл атқаратынын атап кетті. Семинар барысында арнайы қонақ - «Danfoss» халықаралық концернінің Мәскеудегі электрлік және жылыту жүйелерін қолдау тобының жетекшісі С.Г. Михин сөз сөйлеп, сөзі барысында Devi, Danfoss и Veria маркаларымен шығарылатын кабельді электрлік қыздырғыштардың басым жақтарын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті, сонымен қатар созыңқы мұздардың пайда болу себептерін, қыздыру жүйесінің қуаттылығын, науалар мен құбырларда қыздырғыш кабельдерді орнату ерекшеліктерін сипаттап кетті. Сондай-ақ, ол қыздыру жүйесінің қуаттылығын есептей отырып, аталмыш жабдықты баспалдақтарда, төбе-жабындарда орнатудың, құбыр жолдарында жылу шығынын есептеудің үлгілік мысалын көрсетіп, сонымен бірге кабельдерді жалпы монтаждау бойынша жалпы кеңестер берді. Семинар аясында құрылыс нормалары және қағидаларында көрсетілген параметрлердің сақталмағандығы үшін салынатын айыппұл санкциялары жөнінде және басқа да мәселелер де талқыланды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.