Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша филиалдың өндірістік қызметінің нәтижелері және жаңа енгізілімдер туралы дөңгелек үстел

2019-11-01
2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша филиалдың өндірістік қызметінің нәтижелері және жаңа енгізілімдер туралы дөңгелек үстел
2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша филиалдың өндірістік қызметінің нәтижелері және жаңа енгізілімдер туралы дөңгелек үстел
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша филиалдың өндірістік қызметінің нәтижелері туралы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардағы өзгерістер туралы, сондай-ақ ҚР құрылыс саласына ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу туралы дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, тапсырыс берушілер мен жобалау ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс – шараның мақсаты - 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Филиалдың өндірістік қызметінің нәтижелері туралы баяндау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы хабардар ету, жобалау ұйымдарына құрылыс жобаларын әзірлеуде 2020 жылдан бастап ақпараттық үлгілеу технологиясын қолдануды ұсыну. Іс-шараны аша отырып, филиал директорының орынбасары Қ.Қ.Қандығұлов күн тәртібіндегі мәселелерді айтып, 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша филиалдың өндірістік қызметінің нәтижелері туралы баяндама жасады. Дөңгелек үстелге қатысушылар сөз сөйлеушінің баяндамасымен көрнекі түрде танысуға мүмкіндік алды, онда келесі сәттер егжей-тегжейлі сипатталған: негізгі өндірістік көрсеткіштер, теріс қорытындылар, мәлімделген құнның жалпы төмендеуі, мәлімделген құнның барынша азаюымен жобалар, жобалық құжаттамадағы негізгі бұзушылықтар және т.б. Сонымен қатар, Қ.Қ.Қандығұлов сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардағы өзгерістер туралы ақпарат беріп, ҚР құрылыс саласына ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар жұмыс жобаларына ҚОӘБ бөлімдерін әзірлеу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселесін талқылады. Іс-шара соңында филиал директорының орынбасары Қ. Қ. Қандығұлов қатысушыларға қатысқандары үшін алғысын білдірді.