Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Филиал қызметкерлеріне COVID-19 вирусының алдын алу бойынша мәселелер жайлы ақпараттандыру туралы жиналыс

2020-03-17
2020 жылғы 16 наурызда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында қызметкерлерді COVID-19 вирусы туралы хабарландыру және дерттің алдын алу шаралары жайлы түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы директоры С.О. Лекеровтің кіріспе сөз сөйлеуімен басталды. Сөз соңында ол өндірістік бөлімнің санитариялық-эпидемиологиялық сала бойынша сарапшысы Ж.К. Алькеноваға сөз кезегін ұсынды. Ж.К. Алькенова қызметкерлерді «COVID19 жайлы ақпарат және сақтану шаралары» тақырыбында ақпаратпен таныстырып, коронавирус дегеніміз не және оған шалдығу мен оның өрбу жолдары, дерт ағымының маңызды қыр-сырлары мен асқыну ықтималдары жайлы айтып өтті. Сондай-ақ COVID19 симптомдары сипатталып, оның алдын алуы мен дертті емдеу жолдары туралы ақпарат берілді. Барлық қызметкерлерге бетперде киіп жүру, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтап, өзімен бірге қолды зарарсыздандыру заттарын алып жүру кеңес етілді. Сонымен қатар жауапты қызметкерлерге филиал ғимаратында барлық профилактикалық шараларды қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.