Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сметалық бөлім бойынша сарапшыларды оқыту семинары

2023-03-01
Сметалық бөлім бойынша сарапшыларды оқыту семинары
2023 жылға арналған «Мемсараптама» РМК қызметкерлерін кәсіптік оқыту жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 27 ақпаннан 01 наурызға дейін Астана қаласында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөгде оқыту ұйымын тарта отырып, «Қазақстан Республикасында 2023 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін құрылыстың құнын айқындау жөніндегі жаңа әдістемелік тәсілдер» тақырыбында «Мемсараптама» РМК мен оның филиалдарының сметалық бөлімі бойынша сарапшыларын оқыту семинары өтті. 2023 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген құрылыс құнын айқындаудың әдістемелік негіздерінің ауқымды реформаларын жүзеге асыруға байланысты оқыту шеңберінде мынадай тақырыптар қаралды: «Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі негізгі әдістемелік маңызды жаңалықтар. Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау тәртібінің талаптары», «АВС жүйесін қолдана отырып, баға белгілеудегі жаңа әдістемелік тәсілдерді ескере отырып, құрылыс жобаларының сметалық-экономикалық бөлімін әзірлеу». Семинар-оқытудың қорытындысы бойынша сарапшыларға куәліктер табысталды.