Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Мемсараптама" РМК "экологиялық сараптама" тақырыбында өткізілген "дөңгелек үстелге" қатысты

2023-03-15
"Мемсараптама" РМК "экологиялық сараптама" тақырыбында өткізілген "дөңгелек үстелге" қатысты
"Мемсараптама" РМК "экологиялық сараптама" тақырыбында өткізілген "дөңгелек үстелге" қатысты
2023 жылғы 15 наурызда «Мемсараптама» РМК Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің «Главгосэкспертиза» ФАМ, Армения Республикасы Үкіметінің жанындағы қала құрылысы жөніндегі мемлекеттік комитеттің, Беларусь Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитетінің «Главгосстройэкспертиза» республикалық унитарлық кәсіпорнының, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік агенттігі Мемлекеттік сараптама департаментінің, Түркменстан Құрылыс және сәулет министрлігінің Мемлекеттік сараптама бас басқармасының өкілдерімен «Экологиялық сараптама» тақырыбына өткізілген дөңгелек үстелге қатысты. Талқылау «Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VI Халықаралық конференциясы Қарарының 2.2-тармағын орындау шеңберінде өтті. Дөңгелек үстелді өткізу қорытындылары бойынша елдер арасында құрылыс жобаларына экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу барысында талаптар қою бөлігінде тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.