Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Астанада жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті

2023-09-22
Астанада жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
Астанада жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
2023 жылғы 21 қыркүйекте «Мемсараптама» РМК Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ ұйымдастырған жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Бұл жәрмеңкеге 58-ден астам қалалық жұмыс берушілер қатысып, өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды. Жастар үшін бұл өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындарының нарығын зерттеуге және жұмыс берушілермен тікелей байланысуға тамаша мүмкіндік. Бұған дейін, 2023 жылдың 21 сәуірінде «Мемсараптама» РМК «Ашық есік күнін» (бос орындар жәрмеңкесі) өткізді, оның аясында әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осы меморандуммен тараптар ұзақ мерзімді негізде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында күш-жігерді біріктіретінін растайды. Бүгінгі таңда кәсіпорын «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша ЖОО түлектерін тарту үшін Еңбек ұтқырлығы орталығына келесі бағыттар бойынша өтінімдер берді: заң, қаржылық, персоналды басқару, ақпараттық технологиялар және BIM технологиялары, кейіннен мүмкін болатын жұмыс орнында қамтамасыз ету. Бағдарламаның бұл түрі университет түлектеріне бір жыл ұзақ мерзімді тәжірибе кезеңінде белгілі бір салада тәжірибе мен біліктілік алуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.