Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Панельді үйлер бой түземек

2012-08-23
Панельді үйлер бой түземек

Қазақстан ірі панельді үйлерді салу тәжірибесіне қайта оралуда. ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында осындай үйлер сапалы, әрі қымбат емес және жыл бойына салуға болады деп есептейді.
асқармасы бастығының орынбасары Гүлбаршын АРЫСТАНОВАНЫҢхабарлағанындай, өткен аптаның ішінде Агенттікте облыстық «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы мақұлданды. Енді ол облыстық мәслихатта бекітілуі керек, содан кейін ғана құрылыс басталады.
2020 жылға дейін Атырауда және облыстың аудан орталықтарында «Самрұқ-Қазына» ӘАҚ, Қазақстандық ипотекалық компания, Тұрғынүйжинақбанкі және басқа да бағдарламалар бойынша 300-ден аса көп қабатты үйлер салынатын болады. Үйлер Нұрсая мөлтек ауданында тұрғызылады және әуежай ауданындағы барлық аумаққа үйлер салынып болған соң, Контейнерный ықшам ауданында басталады. Қазір онда жеке тұрғын үйлер салынып жатқанымен, болашақта 5 және 9 қабатты үйлер бой түзейтін болады.
Атыраудағы индустриялық құрылыс комбинаты жобасы қазір Қазақстан Даму банкінде қаралып жатыр. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының салаларды дамыту бөлімінің бастығы Қымбат АҚМАЛИЕВА хабарлады.
Жобаның құны 380 млн теңге. Қаржының жартысын индустриялық құрылыс комбинаты жобасының құрылтайшысы – «АТК» ЖШС салатын болады. Қалған соманы Қазақстан Даму банкі ұсынады. Компанияның темірбетонды бұйымдар мен тауарлық бетондарды шығаруда тәжірибесі бар. Енді тұрғын үйлер салу үшін темірбетонды панельдерді шығару көзделуде. Комбинат оны келер жылдың бірінші тоқсанында шығаруды жоспарлап отыр.